Поиск

Балаңызға абай болыңыз, ата-ана!

Бір апта ішінде үш бірдей темір тұлпарды рұқсатсыз тізгіндеп, өзгелердің мүлкіне едәуір шығын келтірген оралдық 8 жасар Николай Керцманның оқиғасы елді шулатты. Абырой болғанда, адамдар жапа шекпеген бұл жағдай басқа ата-аналар мен көлік иелеріне сабақ болуы тиіс.

14 августа, 16:28
Кемеңгер ақынның туған күніне арналды

Бүгін қазақ даласының кемеңгері, дана әрі дара ұлы ақын Абай Құнанбаев 173 жасқа толды. Хакімнің шығармалары – әрбір қазақ үшін рухани азық, баға жетпес қазына.

 

10 августа, 19:03
«Мəңгілік ел жастары – индустрияға!»

«Серпін-2050» бағдарламасы – кең ауқымды әлеуметтік жоба. Оның жүзеге асқанына биыл 4 жыл. Аз уақыт ішінде мыңдаған қыз-жігіттер өте маңызды саналатын әлеуметтік бастаманың игілігін көруде.

Халықтың бұл жоба туралы пікірлері де жақсы. Қазір жұрт «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы жөнінде жан-жақты хабардар. Осы бағдарлама арқылы балаларының білім алып, жұмысқа орналасуын қалайтын ата-аналар көп.

Өйткені жоғары және орта арнаулы оқу орындарына мемлекеттік грант бойынша оқуға түсу қиынның қиыны. Себебі талапкерлер көп, конкурс күшті. Тіпті, білім ордаларын бітірген күннің өзінде жастардың көбі мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмай, сенделіп бос жүреді. Аталмыш мәселені және халық тығыз орналасқан оңтүстік облыстардың тұрғындарын, әсіресе, жастарды солтүстік пен шығыс, батыс өңірлерге тарту, оларға мемлекеттік грант бойынша білім беріп, жұмысқа орналастыру, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін түбегейлі шешу – «Серпін-2050» жобасының негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. «Серпін-2050» жобасы аясында Орал қаласындағы беделді оқу орындарының бірі – М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да алғашқы түлектер түлеп, жаңа өмірге қадам басты. Жалпы бағдарламаның университет бойынша координаторы, білім алған студенттер және олардың ата-аналарының пікірлерін назарларыңызға ұсынамыз.

10 августа, 16:37
Жаңартылған мазмұн оқулықтарын тасымалдау жұмысы басталды

БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмарова өңірдегі білім беру ұйымдарының жаңа 2018-2019 оқу жылына дайындығы туралы баяндады.

10 августа, 16:16
Қалалық емхана қызметі ең жоғарғы көрсеткіш көрсетті

Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдарды рейтингтік бағалау бойынша қорытындысын жария етті.

10 августа, 15:30
Төтеншеліктер өткізген викториналық сабақ

БҚО Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты Орал қалалық төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерінің кезекті викториналық сабағы облыстық білім басқармасының Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығында өтті. 

9 августа, 18:20
Жеке кәсіпкердің игілікті ісі

Қала орталығындағы Темір Масин көшесіндегі ескі саябақ абаттандырылып, әдемі демалыс орнына айналатын болады. Бұл игілікті істі жеке кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты Жасұлан Жақыпов өз қаражаты есебінен жүзеге асыруда.

8 августа, 19:02
Қайырымды іске қолдау көрсетті

Тамыздың 4-і күні Оралдағы №5 жалпы орта білім беретін мектебінің спорт алаңында шағын футболдан қайырымдылық турнирі өтті. Бұл шараны баспанасыз жандарға қуаныш сыйлайтын «Харекет» қайырымдылық қорының облыстық филиалы ұйымдастырды. 

8 августа, 18:54

Новости в Вашем регионе