МСҚ жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 305 мрд теңге төледі

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер үшін 305 млрд теңге төледі. Қаржы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті  (ТМККК) шеңберінде бөлінді.   

«2019 жылдың мамырындағы мәліметтер бойынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 305 млрд теңге төленді. Ал, Атырау облысы бойынша 11 млрд теңге төленіп отыр», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»  Атырау облысы бойынша филиалының директоры Б. Ғазизов.

2019 жылы МСҚ кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 860 млрд теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Атырау облысы бойынша медицина ұйымдарымен 25 млрд теңге көлеміне келісімшарттар бектілді.

Биылғы жылы Атырау облысы бойынша мемлекеттік тапсырысты
64 медицина ұйымы орындайды. Оның ішінде 30 жеке меншік клиника.    

Естеріңізге сала кетсек, МСҚ 2018 жылдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алады.

Новости в Вашем регионе