МЕДИЦИНА МАМАНДЫҒЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ

Медицина сөзінің ресми анықтамасы - адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі. Денсаулық сақтау саласы үлкен жауапкершілікті қажет ететін сала. Себебі, адам өмірі мен денсаулығы медицина қызметкерінің қолында болады. 

№4 қалалық емханада қазіргі күні осы жауапкершілікті ұғынып, өзіне қарасты мекен-жайдан келген 52297 тұрғындарға  көмектерін әрдайым көрсетуде.

«Елу жылда - ел жаңа»,- деген халқымыздың дана сөзіндей, биылғы жылы емханамыз көптеген жаңа бағытқа бағышталған жаңалықтарға толы. Мемлекеттің даму стандарттарын анықтау кезінде бірінші кезекте халық денсаулығы ескеріледі. Болашақ және жас аналардың денсаулығы үшін, 5 жасқа дейінгі балаларды  ықпалдастырып емдеу үшін, балалардың даму бөлмесі, тағыда басқа аурулардың алдын алу үшін керекті бөлмелер ашылып, толықтай құрал-жабдықтамен  қамтамасыз етілген.

Медицинаның дамуы - бірнеше факторларға байланысты. Білікті мамандар, заманауи технологиялар, уақыт талабына сай құрал-жабдықтар, сонымен қатар әрине, ғылыми зерттеулер, ғылыми жаңалықтар. Сондай талаптарға сай емхана кабинеттері заманауи медициналық аппараттармен, компьютермен жабдықталған. №4 қалалық емханада әр уақытта білімдерін жетілдіру, тәжірибелік алмасулар жұмыстары  жүргізіліп отырады. Қазақстан бойынша қолға алынған «Компьютерленген Қазақстан», «Кезексіз емхана» бағдарламаларымен, электронды жүйемен  жұмыс жүргізілуде. Патронаждық медицина қолға алынып, медицина қызметкерлерін арнайы оқытып- дайындалып халықпен тығыз жұмыс жүргізілуде.  ҚР Президентінің 2019 жыл «Жастар жылы»,- деп жариялануына байланысты, емхана жас буын дәрігерлер мен медбикелерді жұмыспен қамтып, алдыңғы буынғы дәрігерлер жастарды баулып, үйретуде.

Медицина саласы – ең бір қиын салалардың бірі, медицинада дәрігерлерден халық әрдайым көмекті, жәрдемді қажет етеді. Сондықтан  емхана жалпы тәжірибелік, диагностикалық тексерістер өткізуге дәрігерлермен толық қамтылған. Бүгінгі таңда №4-ші  қалалық емханада  66 дәрігер, 153 медбике  заман талабына  сай мейірімділік  пен  жауапкершілікте, қарапайым да қайырымды , өз  өмірлерін адамдарға  қызмет көрсетуге арнаған   абзал жандар  халықпен  тығыз  жұмыс  жасауда.

Новости в Вашем регионе