Маусымның үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлері күні

Құрметті медицина қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - медицина қызметкерлері Күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Сіздер қайырымдылық пен мейірімділіктің, ізгіліктің жаршысы іспеттісіздер! Сондықтан да медицина саласы қызметкерлері күнінің бүкілхалықтық мерекеге айналуы заңды құбылыс екені даусыз.

Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту - еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға замануи, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалуда және сіздердің де кәсіби біліктіліктеріңіз, медицинаға деген адал сенімдеріңіз осы саладағы өзекті мәселелерді шешуге жол ашып келеді.

Қымбатты ақ халатты абзал жандар ! Сіздердің ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Сіздердің жұмыстарыңыз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін.

Адам өміріне арашашы абзал жандарды төл мерекелерімен құттықтай отырып, отбасыларына амандық, дендеріне саулық, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімді білдіремін.

Новости в Вашем регионе