Қалалық емхана қызметі ең жоғарғы көрсеткіш көрсетті

Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдарды рейтингтік бағалау бойынша қорытындысын жария етті.

Рейтингті ұйымдастыру, ең алдымен, медициналық ұйымдардың қызмет көрсету сапасын үздіксіз жоғарылатуға ынталандырады. Рейтингтің балдық жүйесі екі бағыт клиникалық қызмет және менеджмент деңгейі бойынша 1-ден 5-ке дейін жұлдызбен бағаланды. Облыста №4 қалалық емхана қос қызмет түрі бойынша ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізді. Алғашқы қызметті бағалау нәтижесінде ең жоғарғы көрсеткіштері бар 97 қалалық, 9 облыстық ересектер стационары, 3 облыстық балалар стационары, 3 ҒЗИ\ҰО анықталды. Клиникалық бағытта 6 бірдей перинаталды орталық бес жұлдыз иеленді. Үздіктер қатарына БҚО-ның перинаталды орталық мекемесі енді.

Менеджмент деңгейінде қалалық №1, 2, 5 емханалардың қызметтері де бес жұлдызға лайықталды.

Бүгінде әрбір пациент ТМККК шеңберінде көрсеткен қызметі үшін медициналық ұйымға «Халықтық бақылау» мобильдік қосымшасы арқылы өз бағасын бере алады.

Новости в Вашем регионе