Дені сау ұрпақ дұрыс тамақтанудан бастау алады

«Нұр Отан» партиясының «Мектеп асханалары» партиялық жобасы аясында Мәртөк  ауданында құрылған ведомствоаралық топ сейсенбіде Кенсахара, Саржансай, Хлебодар, Сарыжар, Қаратоғай жалпы орта білім беретін мектептерді аралап, асханаларына мониторинг жүргізді. 

Мониторинг жүргізу барысында мектеп ішілік комиссия мүшелерінің құжаттарымен, жұмыс жоспарымен танысты, ұсыныстарын тыңдап қайтты. Топ құрамында аудандық білім, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы, комиссия төрағасы  Нұржан Ашимов, «НұрОтан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бисенғали Акзамов, мәслихат депутаты Эльдар Шакиров, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының басшысы Айгүл Баубекова, аудандық ата-аналар көмитетінің төрайымы Аманат Қалпиева, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Нұрбибі Ахметова, №1 Мәртөк жалпы білім беретін мектебінің директоры Марат Жамаладинов, №3 Мәртөк жалпы білім беретін мектебінің ата-аналар комитетінің төрайымы Алла Моцык, «НұрОтан» партиясы бақылау комиссиясының жетекшісі Самат Садуанов болды.

Барлық білім ошақтарының комиссиясымен тілдескен топ мүшелері құжаттарының талаптарға сайлығын, балалардың ыстық тамақпен қамтылуы негізінде туындаған сұрақтарына жауап беріп, асханаларды қарап шықты. Ондағы стандартқа сай көрнекіліктер құрамын, арыз-шағым кітапшаларын парақтап, оқушылар мен ата-аналардың жазбаларына, ас мәзіріне көңіл аударды.

Топ жұмысының басты мақсаты ыстық тамақпен қамтылған және буфет қызметіне жүгінетін барлық балалардың дұрыс тамақтануын қадағалау, бәсекелестікке қабілетті жастардың өсуін қамтамасыз ету, дені сау ұрпақ – ел болашағы.

Кенсахара ЖОББМ 74 оқушының 26-ы, Саржансай ЖОББМ 204 баланың 20-сы, Хлебодар ЖОББМ 569 баланың 38 –і, Сарыжар – 343 баланың 29- ы , Қаратоғай ЖОББМ – 222 баланың 19 – ы   аз қамтылған және көпбалалы отбасының балалары. Олар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Аталған білім ошақтарына жеке кәсіпкерлер «Қабылов» пен «Уксикбаева» қызмет көрсетуде. Бір айта кетерлігі, жеке кәсіпкер Қабылов қызмет көрсететін мектептерде сатылатын тоқаш болсын, самса болсын қолжетімді баға қарастырылған. Анығында 60 теңгені құрайды және ауыл тұрғындарының жағдайының ескерілгендігінің белгісі дейді топ мүшелері.

Кейбір мектеп ішілік топ мүшелерінің айтуынша оқушылар ыстық тамақты дұрыс жемейтін көрінеді, себеп – дәмсіз. Ал кей асханаларда жабдықтар ескірген. Әрбір балаға шаққанда келісілген баға 300 бен 340 теңгенің арасы. Бұл қаражат аздық етеді мыс. Бұл турасында өз пікірін жеткізген Самат Тұрсынұлы «Бала кезден ас қорыту жолы қалыптасатындықтан дұрыс ассортимент, төмен бағаны және балалардың ой-пікірін ескеру керек» деді.

Бисенғали Мухлисұлы комиссия жұмысының мақсат-міндетімен таныстырса, құжаттамалар мен жұмысты дұрыс жүргізу бойынша тәжірибесімен Марат Шандыбайұлы бөлісті. Осы тұста барлық мектептерде де бастауыш клас оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту ұсынысы толастамады. Қаратоғай мектебінің директоры Мария Имашеваның айтуынша балғындар таңертеңгісін сабаққа келген соң, олардың асханадағы тамақ иісін сезіп, ойлары бөлініп, білімге деген құштарлықтары болмайды. Сонымен бірге директор аудан бойынша азық-түлік жеткізуші орталықтандырылса, яғни бір кәсіпкер айналысса деген ұсынысын алға тартты. 

Мониторинг жалғасуда, аталған топ аудандағы барлық 27 мектепті аралауды жоспарлап отыр.

Новости в Вашем регионе