Медицина ұйымдарымен – 51 келісімшарт

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 2018 жыл басынан бері халыққа тегін медициналық қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 21, 7 млрд теңге төледі. 

«2018 жылдың 7 қарашасына берілген  мәлімет бойынша, Батыс Қазақстан облысы бойынша Қормен келісімшартқа отырған  медициналық қызмет берушілерге 21, 7 теңге төленді,  бұл дегеніміз кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті (ТМККК) шеңберінде БҚО бойынша  медициналық мекемелермен бекітілген келісімшарт сомасының 73 пайызы төленді деген сөз» деді  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының  директоры Нұржамал Жұмағұлова.

Естеріңізге сала кетсек, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады. Қор емдеу мекемелерімен мемлекеттік тапсырыс бойынша халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы БҚО бойынша  29,7 млрд теңге. «Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті» деді Н.Жұмағұлова.

Бүгінгі таңда қордың Батыс Қазақстан бойынша филиалы  мемлекеттік тапсырыс бойынша  медицина ұйымдарымен  51 келісімшарт бекіткен. Оның 15-і – жеке меншік.

 

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

 КЕАҚ БҚО бойынша филиалы

 

Новости в Вашем регионе