7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын бүкіл әлемде аталып өтеді.

Денсаулық күнін атап өту, бұл қалың жұртты өз денсаулығына назар аударту, оның маңыздылығын, құндылығын түсіндіру, адамдардың денсаулығын сақтап қалу үшін не істеу қажет екендігін жеткізу үшін өткізілетін іс-шара.

Бірінші байлық – ден­сау­лық. Бірақ осы сөз­дің салмағын, жүк­тер жауап­кершілігін кө­бі­не сезбейтін де, мойын­да­май­тын да сыңайлымыз. Көп ретте проблема адамдардың өз денсаулығына жауапсыз қарауынан, оны сақтау мен нығайту тәсілдері туралы жеткіліксіз ақпараттың, немесе сапалы медициналық көмекке қол жетімділігінің болмауынан болады. Ресми статистикаға сүйенсек, 2018 жылы Қазақстанда негізгі деген аурулардан 19,3 мың адам көз жұмған. Оның 7,5 мыңға жуығы – еңбекке қабілетті жастағылар. Яғни, халқының саны 18 миллионнан аспайтын Қазақстан жыл сайын «тепсе темір үзетін» 7,5 мың тұрғынынан айырылып отырады екен. Мамандар пікірінше, бұған өлім-жітімнің басты себепкері делінетін негізгі «жаналғыш» 5 аурудың ықпалы мол. Мысалы, өткен жылы: 1. Жүрек-қан тамыры ауруларынан – 9,7 мың адам; 2. Ас қорыту жүйесі ауруларынан – 2,8 мың адам; 3. Түрлі оқыс оқиғалар, улану мен жарақат салдарынан – 2,7 мың адам; 4. Онкологиялық сырқаттардан – 2 мың адам; 5. Тыныс жолдары ауруларынан – 1,9 мың адам көз жұмған.

Атырау облысы бойынша 2018 жылы қан айналым жүйесінің ауруларынан 662 адам (100 мың адамға шаққанда 105,5), ас қорыту органдары ауруларынан 414 адам (көрсеткіш 66,0), жазатайым оқиғалар, жарақаттар мен уланудан 320 адам (көрсеткіш 51,02), қатерлі өскіндерден 416 адам (көрсеткіш 66,16), тыныс алу органдары ауруларынан 508 адам (көрсеткіш 80,99) қатыс болған.

Қайтыс болған науқастардың басым бөлігінің өліміне дәрігерге өте кеш қаралуы себеп. Яғни, дер кезінде анықталған жағдайда олардың өмірін сақтап қалуға болар еді, дейді мамандар. Сондықтан Медициналық сақтандыру қоры алдағы уақытта аурудың алдын алу мәселесіне басымдық беруді жоспарлап отыр.

Новости в Вашем регионе