«Жасыл экономика» Елбасының жаңа бастамасы

Өткен жазда жаһан назары Қазақ еліне ауғаны белгілі. Өйткені, елордамыз Астанада үш ай бойы «Экспо-2017» халықаралық көрмесі өткен болатын. Рас, Қазақстанның мәртебесін арттырған көрменің бергені мол болды. Болашақ үшін берері де аз емес. Бірақ, ең бастысы көрменің саяси-экономикалық һәм идеологиялық салмағы бөлек болды. Дегенмен, халықаралық көрменің маңызды тұстарын тағы да еске түсірген артық емес. Себебі, бұл көрмені өткізу туралы бастаманы көтерген де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еді.

Көзайым болған көрме

Тәуелсіз Қазақ елінің тарихында алтын әріптермен жазылатын келелі істердің бірі биыл өткені жұртқа аян. Жаз бойы қазақстандықтар мен алыс-жақын шетелдерден келген қонақтар елорданы аралап, қазақтың қонақжай мінезіне тамсанғаны бар. Жұдырықтай жұмылған қазақстандықтар үш ай бойы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізген еді. Астанада өткен халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне дүниежүзінен 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты. Жаһандағы «жасыл энергетика мен технологияны» насихат қылуы тиіс көрме сөз жоқ ел азаматтары мен шетелдіктерді қызықтырғаны анық. Содан да болса керек, 2017 жылдың 10 маусымы мен 9 қыркүйегі арасында халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалауға 3 млн,н 860 мыңнан астам адам келіпті. Көрме басталғанда күніне шамамен 22-23 мыңа жуық адам заманауи технологиялардың жетістіктерімен, «жасыл экономика» идеяларымен танысу үшін көрме аумағына келіп жүрсе, 9 қыркүйекте павильондарды тамашалауға 100 мың 514 адам келіпті. Білетіндер, жалпы көрмені тамашалаушылардың басым бөлігі отандастарымыз болғанын айтады. Қазақстанның барлық облыстарынан жаз бойы үлкені бар, кшісі бар, баласы бар, қарты бар мыңдаған азамат елордаға ағылды. Одан бөлек көрмеде 4 мың 500 ерікті қызмет қылса, келген қонақтар 178 мемлекеттің азаматтары екен. Көрме кезінде 3 мың 500 ден астам мәдени шара ұйымдастырылса, жалпы конференциялар, көрмелер және тағы басқаларын қосқанда ұйымдастырылған шаралар саны 6 мыңнан асыпты. Көрменің жабылу салтанаты кезінде сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық көрме барысында 140 тан астам ғылыми жоба ұсынылғанын айтқан болатын. ЭКСПО-2017 көрмесіне осы жаңалықтары ұсынған ғалымдардан бөлек, 53 мемлекеттің басшылары мен үкімет басшылары келді, Есеп-қисап жасағандар көрме кезінде 100 млн-нан астам сурет түсірілгенін жазып жатты. Масс-медиа таратқан ақпараттардың нәтижесінде Қазақ елінде халықаралық көрме өткені туралы жаһандағы 2,5 млрд-қа жуық адам хабардар болған деседі. Қысқасы, Астананың ғана емес, күллі Қазақ мемлекетінің абыройын асқақтатқан көрме шынымен де отандастарымыздың да, шетелдіктердің де көзайымына айналды. Әрі бұл көрме ел мен Елбасының мәртебесін асырған шара болғаны да жасырын емес. Тіпті, Президенттің табандылығы мен қажырлы еңбегінің арқасында жүзеге асқан іс деуге болады.

Экономикаға дем берген шара

Негізі халықаралық көрме өткізу оңай шаруа емес. Бірінші кезекте бұл істе көрмені қабылдаушы елдің тәуір экономикалық әлеуеті болуы керек. 2011 жылы көрмені Астанада өткізетін болып шешім қабылданғанда елдің әлеуеті жақсы еді. Одан кейін де елімізідң жағдайы жаман болған жоқ, ЭКСПО-2017 көрмесі павильондарының құрылысы басталғанда халықаралық шараның тағы бір ықпалын байқадық. Құрылыс жұмыстарына мыңдаған адам қатысты. Қаржы құйылды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көрме жабылған кезде халықаралық шараның мультипликативті әсерін атап өткен болатын. «Шағын және орта бизнестегі 1400-ден астам кәсіпорын құны 640 миллиард теңге болатын тауарларды жеткізуге және қызмет көрсетуге тапсырыс алды. Туристік сектор жандана түсті. Туроператорлардың қызметіне деген сұраныс 1,8 есе артты. Астанада кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10 пайыздан аса көбейді. Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1,2 есе өсті. Қазақстанның астанасы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды»,-деген болатын Президент. Яғни, көрменің ел экономикасына тигізген оң ықпалы аз болған жоқ.

Сөз басында айтқанымыздай, құрылыс жұмыстары кезінде талай адам еңбек етті. Көрмеде қызмет көрсеткен персоналдың кәсібіи бііліктілгі артты. Еріктілеріміз өздері білетін шет тілдерінде еркін сөйлеуге алаң тапты, сол арқылы көкжиектерін кеңейтті. Халықаралық шараларға қатысуға мүмкіндіктер алды. Қоғамда ағылшын тілінің кең жайылуына көрменің аз да болса ықпалы болды. Кәдесыйлар жасау, ұлттың салты ме дәстүрін, қолөнер туныдыларын кәсіптің көзіне айналдыруға мүмкіндік бар екеніне азаматтарымыздың көзі жетті. Ең бастысы, біраз турис келіп, қаржыларын бізге қалдырды. Олар әлі қайта оралатын болады. Өйткені, ЭКСПО-2017 көрмесіне келген кезде ола қазақ даласының қыр-сырымен толық танысып үлгермеді, тұмса табиғат пен тарихи-мәдени орындардың қызығына толық бата алған жоқ. Сол үшін олардың басым көплішігі қайта оралуы мүмкін. Ол да қазынаға қаржы болып түседі. Тағы бір ұтқан тұсымыз, туристік фирмаларымыз сыртқа турист тасумен қатар, елге қонақ әкелуде тәжірибе жинады. Қонақты ертіп келген соң да пайда табуға болатындығына көздері жетті. Демек, бұл да қаржы. Тұтас бір саладағ ыөзгеріс бұл. Бәрі де ЭКСПО-2017 көрмесінің мультипликативті ықпалының көріністері.

Одан бөлек мемлекеттік оң имиджі деген тағы бар. Қазақстандықтарды ғылым мен технологиядағы жаңалықтармен таныстыруға қосқан үлесі де бар. Күн, жел және су энергиясы, биомассадан отын өндіру, электромобильдердің артықшылығы тәрізді талай дүние танстырылды. Сөз басында айтқанымыздай 150 жуық ғылыми жаңалық бұқараның назарына ұсынылды. Мұның бәрі ел экономикасына қосымша ықпал ететіні сөзсіз. Рас, көрме павильондары бұрыңғыдай сақталған жоқ. Иелері бәрін бұзып әкеткен. Бірақ, ғимараттар қалды. «Нұр Әлем» сферасы қазір де жұмыс істеп тұр. Жаңа жылдық шырша да көрме павильондары орналасқан аумаққа орнатылды, Көрме ғимараттарын Астана халықаралық қаржы орталығының кеңселері ретінде пайдаланбақпыз. Бір сөзбен айтқанда, басталар кезде бұқара сан түрлі пікір айтқан, аяқталған соң сағынышпен еске ала бастаған ЭКСПО-2017 көрмесі елдің үлкен жетістіктерінің бірі ретінде биылғы жылдың атаулы оқиғаларының қатарына кірері сөзсіз.

Энергетикалық тәуелсіздік басты мәселе

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «жасыл экономика» идеясын қолдап, Астанада халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге барын салуы бір қарағанда елдің имиджді үшін тиімді шара ретінде қарастырылары анық. Одан бөлек халықаралық көрме Қазақстанның инвестициялық тұрғыда тартымды келбетін сақтап қалуға да ықпалын тигізгені даусыз. Дегенмен, Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізудің, «жасыл экономика» идеясын насихаттаудың өзге қырлары да бар. Ол берісі елдің тәуелсіздігіне, әрісі күллі адамзат игілігіне байланысты идеялар. Енді соны тарқатып көрейік.

Соңғы жылдары бірқатар сарапшылар мұнай дәуірінің аяқталатынын айтып жүр. Кезінде Сауд Арабиясының мұнай және минералды ресурстар министрі қызметін атқарған Ахмед Заки Ямани айтты дейтінбір сөз бар. Ол «тас дәуірі жер бетінде тас таусылып қалған соң аяқталған жоқ, сол сияқты мұнай дәуірі де мұнай таусылғаннан соң аяқталмайды» деген еді. Айтпағы, жақын арада мұнайды ығыстыратын қуат көздері де табылуы мүмкін екендігі. Әрі көмірсутегі шикізаттарын саяси құрал ретінде пайдаланудың пайдасы жоқ екенін меңгезені еді. Расында да, бүгінде көмірсутегі шикізаттары саяси құралға айнала бастады. 1973 жылы Араб-израиль соғысы кезінде алғаш рет мұнай дағдарысы ұйымдастырылған бослағ қазір мұнайға қатысты саяси ойындар қыза түскен. Мұнайлы елдерге ауыз салғысы келетін алпауыттар да бар. Мұнай бағасын түрлі тәсілдермен өсіріп, қажет кезінде түсіріп, оны экспорттаушы елдерді шикізатқа, импортаушыларға әтуелді етіп қою да бар қазір. Ал, қалпына келтірілетін энергия көздері ешқандай саяси ықпалға түспейді. Күннің бетін ешкім көлегейлей алмаса, желді де, судың ағысын да ешкім ттоқтата алмайды. Әрине, суға қатысты проблемалар әлі де туындауы мүмкін. Бірақ, жел мен күнді тежеу мүмкін емес. Мәселен, бір сағат ішінде Күннен келетін энергия жер бетінде адамзат баласы өндіретін бір жылдық энергиядан асып түседі екен. Демек, «жасыл экономикаға» ұмтылудың тиімді тұстары көп.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «жасыл экономиканы» насихаттау арқылы адамзаттың қоршаған ортаға құрметінің артуы маңызды екендігін алға тартып қана қоймай, Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігінің де іргетасын қалап жатыр. Рас, бізде мұна ймен газ бар, атом электр станасалырн салып алуға да жететін шикізат бар. Алайда, шикізаттың барлығының бағасыөзгенің қолында. Биржалар мен қаржы қорларында құбылатын баға Қазақстанның экономикасына әсер етіп жатыр. Мұнай қымбаттаса қазынаға қаржы мол түседі, арзандаса кем түседі. Жаһандағы бірқатар әскери-саяси шиеленістердің де түп-төркіні ресурстар мен тасымал жолдарына қожайын болуға ұмтылыста жатқаны жасырын емес. Демек, Президент «жасыл экономика» идеясын тарату арқылы адамзаттың қуат көздерін саяси құрал ретінде пайдалану деңгейін азайтқысы келген тәрізді. Сонымен қатар, қазақстандықтардың балама қуат көздеріне деген қызығушылығын арттыруды да көздеген сияқты. Егер біз балама қуат көздерін тұтынуға неғұрлым көп ұмтылсақ, шикізат бағасына тәуелділіктен соғұрлым тез құтыламыз. Демек, ЭКСПО-2017 көрмесі бізді осы технологиялармен жақыннан танысуға мүмкіндік берген шара болды. Бұл тұрғыда Елбасының ойындағысы жүзеге асқан тәрізді. Сол себепті, көрмеге кеткен шығындарды қайта-қайта санап, оған бас қатырудың қажеті жоқ. Егер көрмеге келген 4 млн-ға жуық адамның ішінен 30-50 мыңы жел немесе күн генераторларын пайдаланса, электрокар мінсе, жетістік деген осы. Көрменің тағы бір пайдасы ғылым мен технологиядағы жаңа революцияға қазақстандықтарды әзір қылуға қызмет етті. Президенттің «жасыл экономика» жөніндегі бастамаларының мұндай қыры тағы бар.

Новости в Вашем регионе