БҚО Бөрлі ауданының орталық ауруханасында өрт-тактикалық жаттығу өткізілді

БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ 8-өрт сөндіру бөлімі және 11-өрт сөндіру бөлімдерінің кезекші қарауылдарының жеке құрамы Бөрлі аудандық орталық ауруханасында шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді. Шартты өртке сай күндізгі стационардың 2-ші қабатында рентген кабинетінде өрт шыққандығы, қатты түтіндеп, ғимаратта қызмет көрсетуші қызметкерлер, сондай-ақ күндізгі стационар мен перзентхананың ғимаратынан эвакуациялануға үлгермеген адамның бар екендігі туралы дабыл келіп түсті. Рентген кабинетінің жалпы ауданы 50 ш. м.

Өткізілген оқу-жаттығудың мақсаты - өрт пайда болған жағдайда әкімшіліктің іс-қимылға дайындық деңгейін анықтау, сондай-ақ тәулік бойы адамдар болатын объектідегі өрт сөндіру бойынша өрт сөндіру күзетінің қызметкерлерін жаттықтыру болды.

Оқу-жаттығу барысында адамдарды ғимараттан эвакуациялау уақытының, сондай-ақ өрт сөндіру күзеті бөлімшелерінің шақыру орнына бару уақытының хронометражы өткізілді. Аурухана әкімшілігі, қарауылдардың жеке құрамы -аз жылжымалы пациенттерді көшірумен қатар, ғимараттан адамдарды эвакуациялауды жүргізді. Өрт сөндіруге және өрт сөндіруге керекті құралдарды бөлу сызбасы анықталды.

Орталық аурухана Ақсай қаласының №8 өрт сөндіру бөлімінің шығу ауданында 2 километр қашықтықта орналасқан. Тәулік бойы емдеуде 60-тан астам төсегі бар.

Оқу-жаттығудың тактикалық ойына сәйкес, аурухананың рентген кабинетінде өрт шықты. Өртті объект қызметкерлері анықтады. Өрт фактісі туралы объект басшылығына және өртке қарсы қызметке «101» телефоны арқылы хабарланып, одан кейін ғимараттағы адамдарды өрт туралы хабардар ету жүргізілді және науқастар мен қызмет көрсетуші персоналды эвакуациялау басталды. Ғимаратты токтан ажырату жүргізілді. Өрт сөндіру үшін объект қызметкерлері алғашқы өрт сөндіргіш құралын қолданды, бірақ түтіннің ұлғаюына байланысты өртті сөндіру мүмкін болмады. Келген өрт күзеті бөлімшелері барлауды, мобильді науқастарды эвакуациялауды ұйымдастырып, шартты өртті сөндірді. Өрт ошағы 50 ш. м. көлемінде оқшауланып, толығымен жойылды.

Оқу-жаттығуға 7 негізгі техника бірлігі, 2 ГТҚҚ буыны және 27 жеке құрам жұмылдырылды.

Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін объект әкімшілігімен бірге жаттығуға талдау жүргізілді, жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды. Оқу-жаттығудың барлық міндеттері орындалды, мақсаттарға қол жеткізілді. Шартты өртті сөндіру бойынша қойылған кіріспе өртті ауданның өрт сөндіру күзетінің жеке құрамы орындады. Оқу-жаттығу жетекшісі оқу-жаттығуларға қатысушылардың іс-әрекетіне оң баға берді.

Новости в Вашем регионе