ЖЕЗҚАЗҒАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МАРАФОН ӨТУДЕ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің мұрындық болуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәстүрлі «Адал жол» марафоны Қарағанды облысы аумағында өтіп жатыр.

Жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы «нөлдік төзімділік» қалыптастыру, жемқорлықтың алдын алу, халықтың құқықтық сауаттылығы мен азаматтық белсенділігін арттыру және жұртшылықты коррупциямен күреске жұмылдыруды мақсат еткен марафон Қарағанды қаласында 27 наурызда басталған болатын. Марафон туы 26 қазанда жезқазғандық мемлекеттік қызметшілерге табыс етілді. Марафон аясында Жезқазған қаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, әкімдікке қарасты мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен «Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында семинар-кеңестер, мемлекеттік қызметшілер арасында жемқорлыққа қарсы крес тақырыбында эссе жазу байқауы, мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан жарыс, байкерлер шеруі сынды көпшілік шаралар өткізілді. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбындағы фильмдер көрсетіліп, ақпараттық парақтар таратылды. Қала кітапханаларында сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары тақырыбындағы кітаптар көрмесі жұмыс істеді. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен арнаулы орта, жоғары оқу орындарының шәкірттері «Жастар жемқорлыққа қарсы» көпшілік флешмоб өтті.

Облыстық марафон туы 9 қарашада Сәтбаев қаласына табысталып, өз жалғасын табатын болады. Антикоррупциялық марафон 9 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай қорытындыланады.

Жанар ЖЕТПІСБАЙ,

Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі  

Новости в Вашем регионе