Жаңа футбол алаңы пайдаға берілді

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Күлшін ауылында жаңа футбол алаңы салынып, ауыл тұрғындарын қуанышқа бөледі.

25 жыл Ключи орта мектебінде директорлық қызмет атқарған ұлағатты ұстаз, білікті басшы Омаров Имекен Омарұлының 100 жасқа толуына орай немересі Омаров Асхат Асанұлы ауыл балаларына футбол алаңын тарту етті. Бар ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлғатты ұстаздың ұрпақтары Имекен Омарұлының сол бір ұрпағы туған ауылына деген сүйіспеншілігін өзі болмаса да жалғастырып отыр. Шағын болса да, шырайы мен шаттығы кетпеген бұл ауылда енді жастар мен балалардың бос уақытын спортқа арнап, салауатты өмір салтын ұстануға үлкен мүмкіндік туып отыр.

Спорт алаңының ашылу салтанатына аудан əкімінің орынбасары Ерлан Мұхамедин, Асхат Омаровтың анасы Бақыт Əлмұхамедқызы, Имекен Омарұлының қызы Зара Омарова, немересі Дастен Омаров қатысты.

Футбол алаңының салтанатты ашылуынан соң Бозайғыр, Төңкеріс жəне Агротехникалық колледж оқушылары арасында турнир өтті. Тартысты да тартымды өткен сайыс көрермендердің көңілінен шығып, ауыл тұрғындары мен қонақтарды бір серпілтіп тастады. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз командаға кубок табыс етілді.

Новости в Вашем регионе