ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

"Ертіс - адалдық алаңы" жобасы аясында Павлодар облысының мемлекеттік қызметшілері арасында Успен ауданы Равнополь ауылдық округі мектебінің спорт залында волейболдан жарыс өтті. Волейболға қатысуға 7 құрама өтініш білдірді.

Жарысқа Ақсу қаласының мемлекеттік қызметшілерінен құралған құрама да қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Біздің команда құрамында Ақсу қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Аршат Халықов, М.Омаров атындағы ауылдық округ әкімінің көмекші-өкілі Әсел Кустаулетова, М.Омаров атындағы ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Сағат Ахметов, Евгеньевка ауылдық округі әкімінің көмекші-өкілі Нұрболат Нарханов, Евгеньевка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Кендебай Тілеуғали, Достық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Уатхан Жансерік, Ақсу қаласы қаржы бөлімінің жергілікті бюджетті орындау процесін үйлестіру, талдау және мемлекеттік сатып алулар мониторингі секторының меңгерушісі Ербол Сағынтаев және Ақсу қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Тұрсын Данияр болды.

Новости в Вашем регионе