Волейболдан турнир

2 ақпан күні Шортанды №3 қазақ орта мектебінде Шортанды ауданы командалары арасында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жылдығына орай волейболдан турнир өтті. 
 

Аталмыш турнирге Новоселовка округінің, Шортанды кентінің және Жолымбет кентінің 2 командасы қатысты. Ала допты алақандарына ойнатқан ойыншылар арасындағы турнир тартымды да тартысты болды. 
Турнир қорытындысы бойынша Новоселовка округінің командасы үшінші орынды иеленсе,  Жолымбет кентінің командасы екінші орынды иеленді. Ал, қарсыластарынан басым түскен Шортанды кентінің командасы жеңімпаз болып атанды. Жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды. 
Сонымен қатар жекелей номинациялары бойынша С.Хаверко үздік шабуылдаушы атанса, И.Погорелов үздік ойыншы, 
А.Харитонова үздік жалғастырушы, Е.Кох – үздік тосқауылшы атанды. Жолымбет-2 командасы «Жеңіске құлшынысы үшін» номинациясымен марапатталды. 
 

Новости в Вашем регионе