Ұстаздар күніне арналған сайыс

Өткен сенбіде Шортанды кентіндегі стадионда дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірге Ұстаздар күніне орай жоғары сынып оқушылары арасында жеңіл атлетикалық жарыстар өтті. Жарысқа Шортанды кентідегі орта мектептер мен Научное, Степное ауылындарындағы орта мектептерінің спортшылары қатысты.

Жарыс қортындысы бойынша 100 м қашықтққа жүгіруден үшінші орынды Шортанды №2 орта мектебінің оқушысы Хомячук Вера мен Шортанды №3 орта мектебінің оқушысы Балабасов Айбол бөліссе, екінші орынды Шортанды №1 орта мектебінің оқушылары Мороз Алина мен Паноян Давидтер иеленсе, бірінші орынды Степная орта мектебінің оқушысы Серікжан Ақсұңқар мен Шортанды №2 орта мектебінің оқушысы Скрипниченко Максимдер иеленді.

200 метр қашықтыққа жүгіруден үшінші орынды Шортанды №1 орта мектебінің оқушылары Горгула Наталия мен Жостих Захарлар иеленсе, екінші орынды Степная орта мектебінің оқушысы Серікжан Ақсұңқар мен Шортанды №3 орта мектебінің оқушысы Балабасов Айбол, ал бірінші орынды Шортанды №2 орта мектебінің оқушысы Кисурина Варвара мен Институт орта мектебінің оқушысы Салыпкел Айдындар иеленді.

400 м қашықтыққа жүгіруден Шортанды №1 орта мектебінің оқушысы Михалаки Арина мен Институт орта мектебінің оқушысы Ляшенко Данил үшінші орынды иеленсе, Шортанды №3 орта мектебінің оқушысы Азамат Айым мен Институт орта мектебінің оқушысы Попережаев Алексей екінші орынды, ал Шортанды №2 орта мектебінің оқушылары Дизорцева Наталья мен Скрипниченко Максимдер жеңімпаз атанды.

800 м қашықтықта Степная орта мектебінің оқушылары Жүзжасар Марина мен Аманбол Сернияздар үшінші орын игерлері атанса, Шортанды №3 орта мектебінің оқушысы Абхат Қарлығаш пен Шортанды №1 орта мектебінің оқушысы Паноян Давид екінші орын игерлері, ал ірінші орын игерлері болып Шортанды №2 орта мектебінің оқушысы Кисурина Варвара мен Институт орта мектебінің оқушысы Рис Сергейлер атанды.

1500 м қашықтыққа жүгіруден қыздар арасында Шортанды №3 орта мектебінің оқушысы Аманбек Әсем үшінші орынан көрінсе, екінші орыннан тағы да осы мектептің оқушысы Бақыт Қымбат көрінді, ал бірінші орынды Шортанды №2 орта мектебінің оқушысы Галухина Елизавета иеленді.

Ал, ұлдар арасынды 2000 м қашықтыққа жүгіруден Институт орта мектебінің оқушысы Попережаев Алексей үшінші орынды Степная орта мектебінің оқушысы Жаңбыршы Кенже екінші орынды иленсе, Шортанды №3 орта мектебінің оқушысы Хуанбек Арман бірінші орынды иеленді.

Жекелей жарыстардан соң қыздар мен ұлдар араласқан командалар арасында 4*100 м қашықтыққа жүгіруден эстафеталық жарыс өтті. Жарыс нәтижесінде Шортанды №1 орта мектебінің командасы бірінші орынды иеленсе, екінші орынды степной орта мектебінің командасы иеленді. Ал Шортанды №2 орта мектебі мен Институт орта мектебінің бірлескен командасы үшінші орынды иеленді.

Новости в Вашем регионе