Түрксібтік өрендердің жүлдесі

Жуырда Тараз қаласында спорт шеберлігіне үміткер Б.Үмбеталиевті еске алуға арналған еркін күрестен 2005-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында ашық біріншілік өтті.

Жуырда Тараз қаласында спорт шеберлігіне үміткер Б.Үмбеталиевті еске алуға арналған еркін күрестен 2005-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында ашық біріншілік өтті. 250 боз кілем шебері бақ сынаған байрақты бәсекеде Түрксіб балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері толағай табысқа қол жеткізді. Атап айтар болсақ, 38 келі салмақта Нұрбол Құттыбай тұғыр биігінің үшінші сатысынан көрінсе, 60 келі салмақ дәрежесіндегі Тимур Козлов күміспен күптелді (жаттықтырушылары Кеңесбек Галиакбаров).
Түрксібтік өрендерге алдағы уақытта бұдан да жарқын жеңістер тілейміз.

Новости в Вашем регионе