Су туризмі техникасының үздіктері анықталды

Теректі ауданының Қабылтөбе ауылында оқушылар арасында су туризмі техникасынан облыстық жарыс өтті.

Спорт түрлерінің ішінен су туризмі аса сақтық пен төзімділікті, шапшаңдықты қажет етеді.

Балалардың жазғы демалысы барысында ұйымдастырылған судағы туристік дода олардың ерекше ықыласын туғызғаны анық. Қауіпсіздік шараларын қолдана отырып, кедергілерден өткен спортшылар қиындығы мен қауіптілігіне қарамастан, бірлесіп жұмыстанды.

Қатысушы 11 команда құтқару жұмыстарын өткізу, катамаранмен қақпадан, өзен траверсінен өту қашықтықтары бойынша жылдамдықтарын сынға салды. Жалпы командалық есепте Ақжайық, Бөрлі, Зеленов аудандары үздіктер қатарынан көрінді.

Новости в Вашем регионе