Шымырлыққа шыңдайтын мұзайдын

Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Біздің ата- бабаларымыз «тәні саудың – жаны сау» немесе «бірінші байлық-денсаулық»,- деп бекер айтпаған.
 

Ауданда таза ауа аясында спортпен шұғылдану үшін хоккей корттарының ашылуы дәстүрге айналды. Осындай мұзайдын Шортанды кентінде де пайдалануға берілді.
Шортанды балалар және жасөспірімдер мектебінің жанындағы мұзайдын шортандылықтардың конькиде сырғанап және хоккей ойнаулары үшін тамаша демалыс орынына айналды. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Бұл мұз айдыны Елбасымыздың айтып өткен салауатты өмір салтын қалыптастырудағы бағыттың бірі болмақ. Кент тұрғындарының бос уақытын салауатты өмірге арнауына мұз айдынының ықпалы зор болмақ

Новости в Вашем регионе