Шахматтан жекелей біріншілік

Өткен аптада спорт күніне орай ерлер мен қыздар арасында аудандық шахматтан біріншілік өтті. Сайысқа 22 шахматшы қатысты. Мемлекеттік Әнұран ойналып аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы В.А.Дьяченко қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

Турнир қорытындысы бойынша қыздар арасында үшінші орынды (Қайнар балалар мен жастар клубының оқу ісінің меңгерушісі А.Қ. Қурманғалина иеленсе, Шортанды кентінің тұрғыны Кеңес Құрлатай екінші орынды, ал үшінші орынды Раевка аулының тұрғыны Елубаева Жанара иеленді.

Ерлер арасында өткен сайыста үшінші орынды бектаулық Жекей Жұмағұл, екінші орынды раевкалық Пеньковский Евгений, ал үшінші орынды научнилық Бекешев Бауыржан иленеді. Төртінші орынды машанола Насибулла мен В.Дьяченко өзара бөлісті.

Барлық жеңімпаздарға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің тағайындаға медал, мадақтамалар және бағалы силықтары табыс етілді.

Новости в Вашем регионе