САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Исатайлықтар салауатты өмір салтын ұстанып, спорттың бұқаралығын арттыруды қолға алды. Жаппай спортпен шұғылдану жөнінде Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында Исатай аудандық әкімдігі ғимаратында спорттық тренажерлар қойылды.

Жолдауда бірінші кезекте жергілікті билік органдарында бұқаралық спортты жан-жақты дамыту айтылған. Осыған орай спорттық тренежерлар ауыл әкімдігі ғимаратынының  қасында қойылды.

НҰРЛАН ПАУЕДЕНОВ, спорт бойынша әдіскер маманы:

Мындағы құрылғылардың ішінде велосипед бар және жүгіру жолақтары бар және де әртүрлі әмбебап спорт құралдары бар. Оның ішінде әмбебап дегенде ішінде массажы бар, жүгіру жолағы бар, қан қысымын өлшейтін, салмағын өлшейтін спорттық құралдар бар. Қазіргі таңда бізге келіп кетушілердің бәрін тіркеп отырмыз, тіркеу журналын аштық. Келушілер өздерінің келгендігін дәлелдеп тіркеліп қолдарын қойып отыр. Осы желтоқсан айынан басталған бері келуші саны екі жүзден асты.

Ұлт саулығы - стратегиялық тұрғыдан өте маңызды мәселе. Егер жастармен тұрғындардың спортпен айналысуына жағдай жасасақ, онда жасөспірімдер арасындағы темекі шегу, нашақорлық сияқты бірнеше қоғамға жат мәселерді  түбірімен құтылуға болады. Бұқаралық спортқа деген бет бұрысты Исатай ауылында аға буын өзідері бас болып көрсетіп жүр.

АМАНБАЙ ҚҰРМАНОВ, Исатай ауылының тұрғыны:

Мен күніне жиырма шақырым жүремін. Спорттық тренежерға күніне екі рет келемін, түске дейін және кешке келемін. Әр келген сайын жиырма шақырым жүріп келем. Бір сағаттай осы велосипедпен жаттықсам, сосын қалған тағы жарты сағаттай басқа спорттық құралдармен жаттығамын. Осы тренежерлар халықтың салауатты өмір сүруіне ыңғайлап жасаған әкімге ризашылығымызды білдіремін. Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту  салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты. Қазіргі кезде мемлекеттің қолдауымен жергілікті жерде халықтың денсаулығын сақтаумен оның өмір сүру деңгейін артыруға  осындай жағдайлар жасалуда.

Халық үшін жасалып жатқан осындай мемлекет тарапынан қолдау, елімізде салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік болып отыр.

Новости в Вашем регионе