Салауатты өмір – денсаулық кепілі

«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаса керек. Азаматтың дені сау болуы салауатты өмір сүруді қалыптастырумен тікелей байланысты, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі екені баршамызға белгілі. Салауатты өмір салты – ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. 

Аймағымыздың жастарын салауатты өмір салтының маңызын арттырып, денсаулықтарын нығайтып, ерік-жігерлерін шыңдап, зиянды әрекеттерден аулақ қылып тәрбиелеу мақсатында «Болашақ» спорт кешенінде шағын футболдан аудандық ашық біріншілік өткен болатын. Дәстүрге айналған бұл жарысқа ауданымыздың ауылдарынан келген жеті бірдей командалар қатысты. Жарыс әдеттегідей тартысты әрі қызықты өтті.

Өз ауылдарының намысын қорғап келген әр команда қарсыластарына дес бермеуге тырысты. Алайда бәсеке болған соң жүзден жүйріктер мен мыңнан тұлпарлар топ жаратыны сөзсіз.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі 3 орынды Лесное ауылының командасы олжаласа, 2 орынды Балқашин ауылының «Бүркіт» командасы еншіледі. Ал, жүлделі 1 орынды Сандықтау ауылының командасы «Белуха ШҚ» командасы қанжығаларына байлады. Жеңімпаздар арнайы медальдармен және кубокпен марапатталды. Сондай-ақ, жарыс барысында  «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы» және «Үздік шабуылшы» аталымымен бірқатар ойыншылар анықталып, оларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Новости в Вашем регионе