ПРЕЗИДЕНТТІК ТЕСТ ТАПСЫРДЫ

Бүгінде әдемі дәстүрге айналған айтулы шара ел ішінде кең өріс алған

Өткен сенбі күні аудан орталығындағы Жастар стадионында жарқайыңдықтар спорттың жазғы түрлері бойынша Президенттік тест тапсырды.
Бүгінде әдемі дәстүрге айналған айтулы шара ел ішінде кең өріс алған. Оған барлық тұрғындар белсенді атсалысады. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Гүлжан байегізова сөз алып, спорттың бұқаралық түрін дамыту – Mемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі екенін жеткізіп, жиналғандарға ізгі лебізін білдірді.
Президенттік сынақ бірнеше жас топтарына бөлінген. Айталық, 24-39 және 40-49 жас аралығында тұрғындар спорттың 7 түрі бойынша шеберліктерін көрсетсе, 50-59 және 60 жастан жоғары кісілер 6 түрден сынақ тапсырды. Бағдарлама аясында жарқайыңдықтар стадионда жеңіл атлетика мен гимнастикадан бақ сынасып, пневматикалық қарудан нысана көздеді. Спорттық шараның нәтижесі кешенді тестілеу бағдарламасы аяқталғаннан кейін жарияланады

Новости в Вашем регионе