«Мектепке дейінгі жастағы балаларды салауатты өмір сүру салтына баулу»

«Мектепке дейінгі жастағы балаларды салауатты өмір сүру салтына баулу»

Денсаулық білім беру саласы бойынша жабдықталған. Жыл бойы Балаларға сауықтыру мен шынықтыру жүргізіліп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың көбі суық тиген ауруларымен жиі ауырады, бұл бала ағзасына теріс ықпалын тигізіп, кейде созылмалы  сырқатқа  айналуыда мүмкін. Мұндай ауруларды болдырмаудың, одан сақтанудың негізгі жолы  табиғи сауықтыру факторлары. Ауа, су күннің көзін  мақсатты түрде пайдалану, бала бойындағы өзгерістегі жағдайларына төселген реакцияларының қалыптасуына көмектеседі, яғни оның ағзасын шынықтырады.

         Ұйымдастырылған оқу қызметі  – бөбекжайда дене тәрбиесі жөніндегі оқу жұмысының негізгі формасы. Ұйымдастырылған қызмет   дені сау тәрбиеленушілердің  барлығына міндетті. Олар балалардың белгілі бір  жас тобындағы  тұрақты құрамымен  нақтылы кесте бойынша  аптаның  белгілі бір күні мен сағатында  (аптасына 3-рет) жыл бойы өткізіледі. Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы  әрбір жас топтарына сай  бекітілген. Ұйымдастырылған оқу қызметінде бағдарлама материалын  бүкіл дене шынықтыру  сауықтыру шараларымен өзіндік  жаттығуларының және өзіндік негізі болып табылады. Ертеңгілік жаттығу балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі бағалы құралы болып табылады. Ертеңгілік жаттығумен жүйелі айналысушыларда  ұйқышылдық жоғалады, сергектік сезім пайда болады, еңбекке деген қабілеттілігі артады. Осыған байланысты балабақшада күн сайын ертеңгілік жаттығулар жоспар бойынша өтеді. Ертеңгілік жаттығу бірден ұйқыдан кейін емес, біршама уақыт өткен соң жасағанда  оның тәрбиелік маңызы кеңейеді. Ол күн кестесінің ұйымдастырушы  сәті болады, балаларды белгілі бір тәртіпке, жинақылыққа үйретеді.

         Мектепке  жасына дейінгі балаларға арналған шынықтыру шараларын  дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, медбике, психолог  бақылап  отырады. Еліміздің көркейіп болашақта өркениетті елдер қатарына  қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Сондықтанда дені сау, жаны таза, тәрбиелі, білімді  ұрпақ тәрбиелеуге  үлес қосу басты мақсатымыз деп түсінеміз.

Новости в Вашем регионе