«Хрустальный колос» аудандық қысқы спартакиадасы

Ағымдағы жылдың 16 ақпанында «Хрустальный колос» аудандық қысқы спартакиадасының спорттың барлық түрінен (допты хоккей, шорт-трек, шаңғы жарысы, футзал, президенттік көпсайыс, отбасылық старт, спорттық балық аулау) шешуші ойындары өтті. 

Шаңғы жарысынан ерлер арасында бірінші орынды Шортанды кентінің тұрғыны Катревич Роман иеленсе, екінші орынды раевкалық Әбуталив Нұрбол,  ал үшінші орынды бектаулық Төлебаев Қанат иеленді. Әйелдер арасындағы сайыста раевкалық Путевцева Полина бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынды раевкалық Путевцева Анастасия, ал үшінші орынды бозайғырлық Жұрымбаева Майра иеленді. Шаңғы жарысынан командалық сайыста Бектау ауылдық округінің командасы жеңімпаз атанса, Бозайғыр ауылдық округінің командасы екінші орынды иеленіп, Реавка ауылдық  округінің командасы үшінші орынға тұрақтады. 
Шорт-трек сайысында Петровка ауылыдық округінің командасы жеңімпаз атанды. Ал, Бектау ауылдық округінің командасы екінші орын иегерлері атанды. 
Отбасылық сайыс түрі бойынша Асабей Ерасылдың отбасы - Өнерхан Айнұр, Ерасыл Еркебұлан (Шортанды к) бірінші орын иеленсе, екінші орынды Копанов Азаматтың отбасы - Копанова Гүлмира, Копанов Алмас (Бозайғыр а.), үшінші орынды  Мазурок Анатолий - Мазурок Александра, Мазурок Владислава  (Бектау а.) иеленді. 
Спорттық балық аулау сайысында Шортанды кентінің командасы - Керекеша Виктор, Кудаланов Александр бірінші, Бектау ауылының командасы - Гришин Дмитрий,  Барабаш Андрей екінші, Петровка ауылының командасы - Литовченко Сергей,  Скорыгин Артем үшінші орындарды иеленді. 
Допты хоккей сайысында Петровка ауылдық округінің командасы бірінші орынды, Бектау ауылдық округінің командасы екінші орынды, ал Раевка ауылдық округінің командасы үшінші орынды иеленді. 
Футзалдан бірінші орынды Шортанды кентінің командасы иеленсе, екінші орынды Новокубанка ауылдық округінің командасы мен  Бозайғыр ауылдық округінің командалары иеленді.
Президенттік көпсайыс бойынша ересектер тобында әйелдер арасында бірінші орынды Шалабаева Дильназ (Бозайғыр а.), екінші орынды Жұмалинова Диана (Бозайғыр а.), 2 топ бойынша бірінші орынды  Самофалова Юлия (Шортанды к.), екінші орынды Әлішева Назгүл (Новоселовка а.), үшінші орынды Асанова Бану (Бектау а.), ал 3 топта бірінші орынды Исхан Алмагүл (Бектау а.),  екінші орынды   Путевцева Анастасия (Раевка а.), үшінші орынды  Гетта Лидия (Шортанды к.), 4 топта бірінші орынды Копанова Гүлмира (Бозайғыр а.), екінші орынды Темірболатова Жанар (Новоселовка а.), үшінші орынды Кап Алтынгүл (Бектау а.), ал бесінші топ бойынша бірінші орынды Төлебаева Айман (Бектау а.), екінші орынды  Аветисян Ани (Раевка а.), 6 топта бірінші орынды Серік Глнұр (Раевка а.), 7 топта бірінші орынды Еженхан Марияш (Раевка а.) иеленді. 
Ерлер арасында 1 топ бойынша бірінші орынды  Брунер Александр (Петровка а.) иеленсе, екінші орынды Қуанышев Асылан (Бозайғыр а.), үшінші орынды Полтавец Дмитрий (Шортанды к.) иеленсе, 2 топта  бірінші орынды  Катревич Роман (Шортанды к.), екінші орынды  Ницевич Олег (Петровка а.), үшінші орынды Бердібек Нұртуған (Бектау а.) иеленді. 3 топта бірінші орынды Әбуталіп Нұрбол (Раевка а.), екінші орынды Зайтхан Қажығали (Шортанды к.), үшінші орынды Жарқынбай Нұржанат (Новоселовка а.) иеленсе, 4 топта бірінші Соңғыбай Берікбол (Новоселовка а.), екінші орынды Өмірсейітов Азат (Бозайғыр а.), үшінші орынды Захан Жандос (Раевка а.) иеленсе, 5 топта бірінші орынды Катревич Сергей (Шортанды к.), екінші орынды Төлебаев Қанат (Бектау а.), үшінші орынды Заичко Анатолий (Новоселовка а.) иеленді. 6 топта Баймусинов Сембай (Шортанды к.) бірінші орынды иеленсе, екінші орынды Темірғалиев Бекен (Раевка а.), ал үшінші орынды Аяпберген Нұрлыбек (Бозайғыр а.) иеленді. Командалар қорытындысы бойынша Шортанды кентінің командасы бірінші орынды, екінші орынды Бектау ауылдық округінің командасы, ал үшінші орынды Петровка ауылдық округінің командасы иеленді.   
Аудандық қысқы спартакиаданың барлық сайысының қорытындысы бойынша бірінші орынды Бектау ауылдық округінің командасы иеленсе, Шортанды кентінің командасы екінші орынды, ал үшінші орынды Петровка ауылдық округінің командасы қанағат тұтты.  
Барлық сайыстардың аяқталуына орай балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортзалында жеңімпаздарды салтанатты марапаттау шарасы өтті. Жекелеген спортшылар мен командаларға кубоктар, медальдар мен мадақтамалар табыс етілді. Жеңімпаз командаларға бағалы сыйлықтар: мұз ойғыштар, шаңғылар, спорттық сөмкелер, конькилер, таяқшалар мен футзалға арналған доптар, футболкалар мен футзалға арналған киімдер топтамасы, пневматикалық винтовкалар табыс етілді. 
 

Новости в Вашем регионе