Футболдан аймақтық жарыстар

Өткен сенбі күні Шортанды кентінде аудандық "Ақ бидай" спартакиадасы аясында футболдан аймақтық жарыстар өтті. Бұл күні Бозайғыр ауылдық округінде де жарыстар өткізілді.

Аймақтық жарыстардың ашылу салтанаты дәстүрлі Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Мұхамедин құттықтау сөз сөйлеп, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Спартакиада аясында өткізілген жарыстар нәтижесінде финалға Шортанды кенті мен Бозайғыр ауылдық округінің командасы шықты. Петровка және Раевка ауылдық округінің командалары екінші орынға ие болып, 9 маусымда Шортанды кентіндегі футбол алаңында финалда орын алу үшін бар күштерін салады.

Дамса және Новокубанка ауылдық округтерінің командалары өзара 6-7 орынды бөлісті, Новоселовка және Пригородный ауылдық округтерінің командалары 8-9 орындарға ие болса, Жолымбет кентінің командасы оныншы орынға тұрақтады.

Финалдық ойындар Андреевка ауылдық округінде өтеді. Спортшыларға сәттілік, жарқын жеңістер мен жетістіктер тілейміз.

Новости в Вашем регионе