Ел чемпионатына жолдама алды

Таяуда Тараз-Арена спорт кешенінде 2005-2006 жылдары туылған жасөспірім қыздар арасында дзюдодан Жамбыл облысының чемпионаты өтті. 

Таяуда Тараз-Арена спорт кешенінде 2005-2006 жылдары туылған жасөспірім қыздар арасында дзюдодан Жамбыл облысының чемпионаты өтті. 
Жалаулы жарысқа облысымыздың жер-жерлерінен 200-ге жуық балуан келіп, жеті салмақ дәрежесі бойынша кім мықтыны анықтады.
Бәсекеде бақ сынаған Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейдің 9-cынып оқушысы, Аса спорт мектебінің тәрбиеленушісі Асел Абдрахимова 54 келі салмақ дәрежесінде күресіп, екінші орынды иеленді. 
Бұл жағымды жаңалықпен Аселдің бапкері Жасұлан Бибазаров бөліскен еді.
 – Аселдің дзюдоға деген ынта-жігері өте жоғары. Боз кілемде өзін еркін ұстайды. Оның үстіне анасы Әсем Нұрмаханованың қолдауы бұрымды спортшының жеңіске деген жігерін арттырған. Күні кеше жерлесіміз облыс чемпионатында топ жарып, наурыз айында Орал қаласында өтетін ел чемпионатына жолдама алды, – деді Жасұлан Нұрланұлы бізбен әңгімесінде.

Новости в Вашем регионе