Бұрымдылар жүлдемен оралды

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында дзюдо күресінен жасөспірім ұл-қыздар арасында қалалық ашық біріншілік өткен болатын. Ашық біріншілікке Түрксіб ауылындағы спорт мектебінің бұрымдылары қатысып, бозкілем үстінде жолыққан қарсыластарын алып та, шалып та жықты.

Нәтижесінде, жаттықтырушы Мадияр Мухаметкаримов жаттықтыратын Гүлдана Марлен (+48 келі) мен Ботагөз Марлен (+30 келі) өз салмақ дәрежелері бойынша бірінші және үшінші орындарды иеленді.
Жүлдемен оралған қыздарды мектеп директоры Абдрахман Қыдыралиев қызмет бөлмесінде қабылдап, олардың алдағы жеңістеріне сенім білдірді.

Новости в Вашем регионе