«БАТЫР» ОЙЫНЫНДА ЖЕҢІЛГЕНДЕР БОЛҒАН ЖОҚ

 

Отан Қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында аудан орталығының басты алаңында әскерге шақырылатын жастар арасында мамандандырылған көпсайыс бойынша «Батыр» әскери ойыны мен салтанатты іс-шара өтті.

Аудан мектептерінің оқушылары алғашқы әскери дайындық сабақтарында алған әскери машықтарын көрсетуге және шағын шеруге қатысуға аудан орталығына келді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Еділ Тұтқышев, аудандық мәслихаттың хатшысы Айнагүл Бектасова, ауданның қорғаныс істері бойынша бөлімінің бастығы Оралбек Қабыкеев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Мұқашев қатысты.

Сондай-ақ бұл күні аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталғандар да болды.

Лейтенант Нұржан Төлеңгітов «Батыр» әскери ойынының қатысушыларының салтанатты сапқа тұруына бұйрық берді. Болашақ Отан қорғаушылар әр қадамдарын әскери бой түзеумен басып, шеңбер жасап, тапсырманы жақсы орындады.

Бұл жолы «Батыр» мамандырылған спартакиадасына 140-қа жақын оқушы қатысты. Жеңімпаздар ұзақ таңдалды. Барлығы да тапсырманы үздік орындап шықты. Нәтижесінде 1-орынды Т.Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебінің оқушылары, ал 2-орынды Петровка орта мектебінің, 3-орынды Покровка орта мектебінің оқушылары иеленді.

Новости в Вашем регионе