Балғын акробат жұлдыздары жеңіске жетті

Петропавл қаласында өткен ҚазақССР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Анатолий Ямпольскийді еске алуға арналған VI халықаралық турнирде облыс спортшылары топтық сайыстың күміс жүлдегері атанды.

Елімізде, соның ішінде солтүстік өлкеде батутта және акробатикалық жолда секіру мен спорттық акробатиканың қанатын кеңге жаюы білікті жаттықтырушы, бапкер Анатолий Ямпольскийдің есімімен байланысты. Сондықтан спорттық акробатиканың негізін қалаған спорт саңлағын балалар мен жасөспірімдер арасында дәріптеу жыл сайын жалғасын тауып, жаңадан акробат жұлдыздары жарыққа шығуда.

Биыл Петропавл қаласында жалауын көтерген бапкер Анатолий Ямпольский атындағы турнирге Ресей Федерациясы мен Өзбекстан мемлекеті, республикамыздан 15 команда, 150-ден аса спортшы қатысуға ниет білдірді.

Байрақты бәсекеде өңір намысын қорғаған акробатшылар спорттық акробатикадан топтық сайыста ІІ орын иеленіп, Рустам Булатов, Арман Мұрат, Нұрали Науфалов, Даниял Джубанышов тұғырға көтерілсе, батуттан секіруде Алдияр Жумакулов ІІ орын, Тимур Тынымов ІІІ орын жүлдегері атанды.

Новости в Вашем регионе