«АЛАУ» әскери-патриоттық сайысы

Қай заманда болмасын жас ұрпақты, қоғам мүшелерін Отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп, қалыптастыру жетекші орын алған. Осыған орай 12 мамыр күні адундық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Құлагер» спорттық кешенде аудан мектептерінің 7-8 оқушылары арасында «Алау» әскери-патриоттық сайысы болып өтті. 

Аталмыш іс-шараға аудан бойынша 6 мектептің оқушылары қатысты. Олар: Саумалкөл қазақ орта мектебі, Саумалкөл №1 орта мектебі, Арықбалық орта мектебі, Кирилловка орта мектебі, Каменноброд орта мектебі, Нижнеборлық орта мектебінің оқушылары. 
Саптық ән айту, санитарлық көмек көрсету, противогаз жарысы, саптық бұйрықты орындау сияқты сайыстардан ұпай бойынша Арықбалық орта мектебінің ұландары үшінші орын, Саумалкөл қазақ орта мектебінің сарбаздары екінші орынға ие болса, Нижнеборлық орта мектебінің командасы бірінші орынды жеңіп алды. Ал қалған қатысушыларға әртүрлі номинациялар бойынша дипломдар табысталды.    
Патриоттық тәрбие –тәрбие жұ-мысының негізгі бағыттарының бірі. 
Әскери-патриоттық оқушылардың бойында азаматтық борышын өтеуге дейінгі бастапқы дайын-дықтарын  қалыптастыруда үлкен роль атқарады. 
Бұл іс-шараның басты мақсаты Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, ұлтаралық мәдениетті дамытатын, еліміздің рәміздеріне  құрметпен қарайтын, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен өркениеттілікке өз үлесін қосатын адамгершілік мұраты биік патриот, намысына, қаһарман, қайсар, жігерлі азамат тәрбиелеу.
Жасөспірімдерді патриоттыққа тәрбиелеу – ең маңызды міндет!
 

Новости в Вашем регионе