Ақбұлымның «алтындары»

Табиғаты көркем, тарихи жәдігерлерге бай Ақбұлым ауылының әр тасы, әр төбесі қымбат. Осындай шежірелі ауылдан жетістігі мен жеңісі, бағы мен бабы қатар шапқан үлкен-кішінің ауыл атын асқақтатып жүргені де көңіл марқайтады.

Табиғаты көркем, тарихи жәдігерлерге бай Ақбұлым ауылының әр тасы, әр төбесі қымбат. Осындай шежірелі ауылдан жетістігі мен жеңісі, бағы мен бабы қатар шапқан үлкен-кішінің ауыл атын асқақтатып жүргені де көңіл марқайтады.
Осындағы үлкен білім ордасы – Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары ғылымға, өнерге, спортқа бейім. Мәселен, осы мектептің ұландары, ағайынды Даниял мен Дәуреннің боксқа деген құштарлықтары ерекше. 8-сыныптағы Даниял 2015 жылдан, 5-сыныпта оқитын Дәурен үш жылдан бері бокс әлеміне құлаш сермеп келе жатқанын ескерсек, 44 келі салмақтағы Даниял жасөспірімдер арасында еліміздің үш дүркін чемпионы болса, 36 келідегі Дәурен де өз қатарластарынан озық тұр. 
Мұндайда қос боксшымыздың бойына спортқа деген құштарлық ата, әкелерінен жұғысты болғанын аңғару қиын емес.
Заманында Бексейіт бабасы тақымы тастай көкпаршы болса, Жақсылық атасы кезінде бокстың жілігін шаққан нағыз шебер болған. Атасы Ғалым футболист ретінде Өскемен өңірінде және облысымызда №1 футболшы атанғаны бар. Тағы бір атасы Әнуар ауданымызға белгілі волей­болшы ретінде танылған. Әкесі Данияр Ғалымұлы – таэквондошы, спорт шебері.
Осындай атақтары дардай әулеттен спортшының шықпауы мүмкін еместей көрінген бізге. Оған сол кісілердің алтын тұяқтары Даниял мен Дәуреннің аяқ алыстары куә. Қос боксшымызды ақбұлымдықтар «Бесбаевтың батырлары», «Ақбұлымның алтындары» дейтін көрінеді. Осындай дәрежеге дейін жеткізген қос алтынымыздың жаттықтырушысы Қанат Мәдімаровқа ауыл жастарының ықыласы мен айтар алғыстары ерекше.

Новости в Вашем регионе