Спорт саңлағымен жүздесті

Өткен аптада танымал спортшы, джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы, ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы Ардақ Назаров  өңірге келіп, жас спортшыларымен кездесті.

Спортшы Ардақ Құттықожаұлы Жастар және оқушылар сарайындағы Данияр Елеусінов атындағы бокс орталығы залында жастармен жүздесіп, шеберлік сағатын өткізді. Танымал спорт шебері оларға екі сағат көлемінде жаттығу жұмыстарын жүргізді.

Ардақ Назаров өз сөзінде: – Елдің болшағы сіздерсіздер,  яғни ­– жастар. Сондықтан  осал болмауға тиіссіңдер. Қазақ батыры деген атаққа лайық болыңдар. Әр іс қиындықпен басталмаса, нәтиже болмайды, ­­­­­– деді.­

Жас  спортшылар да бұл кездесуден үлкен әсер алды. – Мен Ардақ ағаны үлгі тұтамын. Алдымен бұл кісі жастардың білімді , батыр болғанын қалайды. Бүгінгі шарадан, оның әңгімесінен ерекше әсер алдым. Спортқа деген қызығушылығым тағы бір мәрте оянды, – дейді кішкентай жерлесіміз Әл-Азиз Жангелдин.

Шара соңында балалар спортшыдан қолтаңба алып, естелік суретке түсті. Олар осындай мүмкіндік туып, жаңа жаттығу түрлерін үйренгендеріне ризашылық танытты.

Новости в Вашем регионе