Наурыздың құрметіне

Наурыз айының 21 күні Ақкөл қаласының аудандық Мәдениет үйінде Әз Наурыз күнін мерекелеу аясында ұлттық қазақ күресінен 2009-2010 жылы, 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер мен түйе балуандар арасында турнир өтті.     


Ақкөл балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары мен басқа да өз қалауымен қатысқан балуандар боз кілемде бақ сынасып, ұлттық спорт өнерінің мәртебесін асырды. Бірінші орынды  Жұмасын Жәңгір, Кәкімов Иманғали, Қизат Әділет жеңіп алды. Екінші орынды  Сүйіндік Дарын, Капитанов Александр, Досанов Аңсар олжаласа, ал  үшінші орынды  Сильвестр Роман, Болатбеков Руслан, Жұмахан Қуаныш еншіледі. "Түйе балуан" сайысының жеңімпазы Махтин Жанболат болды. Турнирдің демеушісі  қазақ күресінің, дзюдоның, самбоның шебері Махтин Қайрат Қонысбекұлы ұландарға ақшалай сыйлық тапсырды. Ол өзі Ақкөл ауданының намысын сан рет қорғаған «Ақмола барысы - 2018» додасының жүлдегері, «Қазақстан барысы - 2018» республикалық сайысының қатысушысы, Талдықорған қаласында өткен 35 жасқа дейінгі қазақ күресі ардагерлерінің арасында өткен  Қазақстан чемпионатының жүлдегері.
Енді, міне, жастар арасындағы ұлттық күрестің жанашыры болып отыр. Мырза жігіттердің ұлттық спорт ойындарын жаңғыртудағы үлесі зор, әрі  жасап жатқан істерінің тәрбиелік маңызы орасан. Балуандарымыз  жеңіс тұғырынан көріне берсін! 

Д.Құрымбаев, БЖСМ, Ақкөл қаласы.
 

Новости в Вашем регионе