Жас балуандар жүлде алды

2018 жылы 26-27 қазанда Көкшетау қаласында қазақ күресінен 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасында облыстық турнир өткізілді.  Бұл республикалық  "ЖАС БАРЫС" турниріне спортшыларды іріктеу мақсатында ұйымдастырылған шара.

 
Көкшетау қаласында  2 балуандар кілемінде барлығы 12 салмақ категориясы бо-йынша 130 спортшы күш сынасты. Осы турнирде Ақкөл аудандық БЖСМ –нің қазақ күресінің командасы жарыс-ты  табысты аяқтады.  Бірінші орынды Баяхметов Әнуар, өз салмақ санаттарында екінші орынды  Жұманов Бақдәулет, Сәулебеков Мадияр, үшінші орынды Ұлмерген Шәкәрім, Құлмағамбетов Бақтияр, Жүсіпов Дияр жеңіп алды.
"ЖАС БАРЫС" республикалық турнирі 2018 жылы 22-27 қарашада  Ақмола облысының Бурабай ауданындағы Щучинск қаласында өтеді.  Біздің спортшыларға осы ұлттық спорт додасында сәттілік тілейміз! 

Ақкөл спорт мектебі.
 

Новости в Вашем регионе