Ұлы Даланың дара тұлғаcы – Жанар Әзілханқызы Нұршайықова 70 жаста!

Болашақтағы байланыстың алғашқы қарлығашы, қазақ еліндегі көшбасшы оқу орын – кеше де, бүгін де жаңашылдық пен тың бастамалардың ордасы, бәсекеге қабілетті,  мықты мамандар мен элита даярлайтын ғылым орталығы, Қазақстандағы жоғары білім берудің флагманы, ғылым мен білімнің тұнығына айналған оқу ордасы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 85 жылдық мерейтойлық жылында          филология ғылымдарының докторы, профессор Нұршайықова Жанар Әзілханқызының 70 жылдық мерейтойы тұспа-тұс келіп  аталып өтуде.

21 ғасырда ұлттық санаға қатысты және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың негізгі бағыттарының бірі «Жаһандық əлемдегі заманауи қазақстандық мəдениет жəне еліміздің 100 жаңа тұлғасы» жобасы туралы айтылған Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында тарихты оның қозғаушы күші болып табылатын, біздің замандастарымыз, жеке тұлғалар жасайтынын атап көрсетті. Қазіргі Қазақстанның 100 тұлғасы – біздің осы уақытта өмір сүріп жатқан және жұмыс істейтін адамдар, біздің замандастарымыздың бетке ұстар тұлғалары – қазіргі заманғы Қазақстанның 100 тұлғасының өкілдері болып табылады.

Жанар Әзілханқызы – қазіргі заманғы Қазақстанның 100 тұлғасының өкілі ретінде барлық өмірін еңбекке арнап келеді, Отанға деген махаббатын, Қазақстанға деген махаббатын өз елінің игілігі үшін шығармашылық қызметімен білдіріп келеді. Жастар оның ғылыми қызығушылығы, шығармашылық энергиясы, барлық жаңаны қабылдау және құру, еліміздің ең үздік дәстүрлерін және мәдени мұраларын сақтау жақтарынан үлгі алып келеді.

Болашақтағы байланыстың алғашқы қарлығашы, қазақ еліндегі көшбасшы оқу орын – кеше де, бүгін де жаңашылдық пен тың бастамалардың ордасы, бәсекеге қабілетті,  мықты мамандар мен элита даярлайтын ғылым орталығы, Қазақстандағы жоғары білім берудің флагманы, ғылым мен білімнің тұнығына айналған оқу ордасы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 85 жылдық мерейтойлық жылында          филология ғылымдарының докторы, профессор Нұршайықова Жанар Әзілханқызының 70 жылдық мерейтойы тұспа-тұс келіп  аталып өтуде.

          Нұршайықова Жанар Әзілханқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында 1986 жылдан бастап осы күнге дейін алдымен, ассистент болып, бір жылдан кейін – аға оқытушы, 1990 жылы кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін – доцент, 2003 жылы «Алгоритмдік синтаксис теориясы» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғағаннан кейін – профессор қызметін атқарып жүр.  

2004 жылдың қыркүйек айынан 2013 жылдың қыркүйек айына дейін осы университеттің ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. Осы кезеңде Жанар Әзілханқызының басшылығымен кафедра инновациялық және интерактивті оқыту әдістерін енгізіп, орыс және қазақ тілдерін шет тілдері ретінде оқытудың жеке бағдарламаларын жарыққа шығарып, жаңа буын оқулықтарына көшіп, тілді аспектілеу әдісімен оқыту бағдарламаларын жаңғыртты. Кафедра негізінде ана тілден өзге тілдерді меңгеру мәселелерін зерттеу бойынша ғылыми-әдістемелік жеке бағыт пайда болды. Осы бағыттың қажеттілігін растайтын бірнеше ұжымдық монография жарияланды. Кафедра ғалымдары әзірлеген әдістемелер оқу үдерісіне тың технология, жақсартылған оқу бағдарламалары мен құралдары түрінде енгізілді.

Жанар Әзілханқызы кафедра оқытушылары жүргізген диссертациялық зерттеу жұмыстарының ғылыми жетекшісі болып орасан зор еңбек атқарды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі Д 14a 01.22 Диссертациялық кеңесінің мүшесі болып 7 жыл қызмет етті. КазПРЯЛ мүшесі, КазПРЯЛ ревизиялық комиссияның мүшесі, ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің мүшесі, ЖОО дейінгі білім беру факультетінің Ғылыми кеңесінің мүшесі болып табылады. Жалпы білім беру пәндері бойынша мектеп оқушылары арасындағы қалалық олимпиадалардың (2006ж., 2007ж., 2008ж.) қазылар алқасының мүшесі болған. 2012 жылы кафедра лекторлық шеберлігі мен білім беру саласындағы жетістіктері үшін «Ресейдің Алтын кафедрасы» атағын алды. 2008-2009 жж. ҚазҰУ-дың үздік оқытушысы атанып, ҚазҰУ-дың күміс медалі иегері болды.

Жанар Әзілханқызы біздің әдебиетіміз бен мәдениетіміздің мол қазынасы әрі «Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы» және бүгінде аты аңызға айналған майдангер-жазушы Әзілхан Нұршайықовтың отбасында дүниеге келген.

Әкесі – Әзілхан Нұршайықов (1922-2011), көркем сөздің хас шебері, том-том кітапты оқырманына тарту еткен, А. А. Фадеев атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты, Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Халық жазушысы. Сонымен қатар, анасы – Өзбақанова Халима Қалиақбарқызы (1922-2001), бойына барлық адами қасиеттерді жинаған, өзінің ұялшақтығын, жомарттығы мен білімге деген құштарлығын жоғалтпаған, әлсіздік, қызғаншақтық, мақтаншақтыққа берілмеген, оқытушы және жазушының әдеби серігі, күнделікте өмірде шебер аспаз, керемет тігінші, ақылгөй дана және аяулы ана, ардақты әже бола білген қымбатты жан болған.

Мәңгілік махаббаттың панасына айналған отбасында төрт бала дүниеге келген, олардың әрқайсысы бүгінде биік-биік белестерді бағындырған, үлкен жетістіктерге жеткен. Қыздары – Нұршайықова Жанар Әзілханқызы (1949 жылы туған), филология ғылымдарының докторы, профессор; Нұршайықова Жаннат Әзілханқызы (1951 жылы туған), экономист; ұлдары – Арнұр Әзілханұлы (1952 жылы туған), инженер-энергетик; Жаннұр Әзілханұлы (1954 жылы туған), инженер-электрик. Өз кезегінде олар да Нұршайықовтардың ұрпағын жалғастырар ұл-қыздардың: Сабина, Дина, Алма, Сәкен, Әлиялардың әке-анасы, Халима, Ясмина, Алихан, Дана, Қасым, Ораз, Аржандардың ата-әжесі болып отыр.   

Жанар Әзілханқызының қызы Сабина – 1998 жылы филолог мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тамамдайды. Қазір АҚШ-та (Вашингтонда) тұрады, Джейсон Компидің жары. Олардың 2 қызы бар. Тұңғыш қыздарына үлкен әжелерінің құрметіне Халима деп ат қояды. Қазір Халима Норфолктегі «Old Dominion University» деп аталатын университетінің 1-курс студенті. Кіші қызы Ясмина «Woodbridge High school» мектебінде оқиды. Америкалық отбасы өздерінің қазақи түп-тамырын  құрметтейді және жақсы көреді. 2018 жылы жазда бәрі бірге Ұлы атасы Әзілхан Нұршайықовтың туған жеріне барып қайтты. Семейде үлкен әжелері Халима өскен балалар үйін аралап, Жармин ауданындағы Бірлік ауылындағы туыстарында қонақта болып, Қалбатау аудан орталығында орналасқан Ұлы аталары Әзілхан ағаға арнап құрылған «Махаббат» аллеясын тамашалап, бұдан кейін Ұлы тұлға Әзілхан Нұршайықов ағаның туып-өскен жері «Ақбұзау» және «Келін сүйегі» деп аталатын елді мекендерге барып қайтады. Америкалық шөберелер өздерінің еліне «Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы» әрі бабалары Әзілхан Нұршайықовтың туған жері туралы керемет естелік алып қайтты.          

Әзілхан Нұршайықовтай биік тұлғаның өнегелі өмірі мен шығармашылығы туралы молырақ білу үшін, келешек жастарға, ұрпақтарға үлгі-өнеге болсын деп, перзенттік парыздарын орындай отырып, Жанар Əзілханқызы өзінің бауырларымен бірге ҚР Ұлттық кітапханасында                     Ә. Нұр­шайықовтың соңында қалдырған жазба мұрасы халқымен бірге өмір сүре беретінінің жарқын көрінісі – Əзілхан Нұршайықов атындағы мемориалды кабинет ашты. Онда «Ақикат пен аңыз», «Махаббат, қызық мол жылдар», «Мәңгілік махаббат жыры» және тағы басқа көптеген шығармаларының әр жылдардағы басылымдар, жұмыс істеген орны мен жазу құралдары, өзіне тартылған сыйлықтар, сондай-ақ, қаламгер өмірін баяндайтын фотосуреттердің жиынтығы мен басқа да құнды мұрағаттық заттар жиналған.

Жыл сайын ҚР Ұлттық кітапханасының Кітапханатану залында филология ғылымдарының докторы, профессор Нұршайықова Жанар Әзілханқызының бастамасымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары Қазақстанның Халық жазушысы    «Ə. Нұршайықов атындағы шəкіртақыны» тапсыру үшін студент жастар мен жоғары сынып оқушылар арасында «Адам және әлем» атты жастардың жыл сайын болатын әдеби шығармашылық байқауын ұйымдастырып, оның қорытындысын шығарып, шағын әдеби жыр кешін өткізіп отырады, жеңімпаздарды «Ə. Нұршайықов атындағы шəкіртақымен» марапаттайды. 

Бүгінде Нұршайықова Жанар Әзілханқызы кафедраның профессоры қызметінде. Университетіміздің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде ұзақ жылдар бойы дәріс оқып, білімді де білікті шәкірттер дайындап келеді. Жанар Әзілханқызының сабақ беру әдісі ерекше. Сабақ сайын кездесетін тың түсіндіру, тапсырма беру жақтарындағы шеберлігімен жоғарғы деңгейі бөлекше. Шәкірттеріне қатал талап қоюымен бірге олардың психикаларын толық меңгереді. Шетелдік студенттердің көңіл-күйлерін, жағдайларын, қиындықтарын ұғысып тұрады. Жанар Әзілханқызы  шәкірттерінің ғылыми жұмыстарына әрқашан жоғары талап қояды.  

Жанар Әзілханқызы Ресей, Германия, Италия, Американың беделді ғалымдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ғылыммен айналысып жүріп, өзі жинаған еңбектерді топтастырып, бірнеше кітап жазған. 230-дан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектер, соның ішінде, 11 монография, 19 оқу құралы, 5 оқу бағдарламасы жарыққа шыққан. Ғылыми салада нәтижеге жетіп қана қоймай, кафедраның ғылыми және әдістемелік ұстанымын көрсететін 30 ұжымдық жинақтың бас редакторы және құрастырушысы болып табылады.

          Міне, осыншама ауқымды істерді жүзеге асырып жүрген Жанар Әзілханқызына барлық атақ та, мақтау да лайық деп санаймыз!

          Дәрістері терең ізденістерге толы, өнегелі ұстаз Жанар Әзілханқызының кеңестері мен айтқан ақыл-ойлары шәкірттерінің жүрегінен орын алып отырады. Білімі де, өмірі де өнеге ұстаз Жанар Әзілханқызының алдынан әлі талай білікті шетелдік студенттердің түлеп ұшып шығары сөзсіз. Ұлағатты ұстаз, өнегелі-ақылшы Жанар Әзілханқызының еңбегін біз әрқашан мақтан етеміз! Еңбегіңіз жемісті болсын, денсаулығыңыз мықты болсын, өмір-жасыңыз ұзақ болсын, ардақты ұстаз, білікті ғалым, Ұлы Даланың дара тұлғаcы!

Cтуденты с Жанар Нуршаиховой 2018
Конференции с проф Э.Д. Сулейеновой 2008
Мемориальный кабинет А.Нуршаихова Жаннат и Жанар Нуршаиховы
Кафедра

Новости в Вашем регионе