Жылжымалы көрме ұйымдастырылды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы бағыттарды жүзеге асыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы бағыттарды жүзеге асыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Осыны іске асыруда бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Саяси, экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені мәлім. Бұл мақалада адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіру, рухани санаға басымдық берудің қажеттілігін басты мақсат етіп қойылған. Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келеді. Бұл тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен келешегі үшін жасалып жатқан жұмыстар. Өйткені рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам үшін де, еліміз үшін де өте маңызды өзгеріс.
Егемендік алғалы бабадан қалған мұраларды зерттеп, зерделей бастадық. Ата-бабамыздан қалған теңдесі жоқ дүниелерді аман сақтау біз бен сіздің қастерлі борышымыз.
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында жуырда облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ауданымызда «Тараз ғасырлар куәсі» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.
60-тан астам экспонаты бар жылжымалы көрмені аудан тұрғындары, мектеп оқушылары тамашалады. Бұл көрмеде орта ғасырлық қыш құмыралар, су құбырлары, шырағдандар, дәрі-дәрімек құятын құтылар, жұмыртас, қол шырақ, дағара, хум Х-ХІІ ғғ., саптыаяқ, көзе ХІІ ғ., суқұйғыш      ХІІ ғ., тү­бектер ХІІ ғ., және Айшабибі кесе­несінің қабырға кірпіштері қойылды.

Новости в Вашем регионе