ЖЕЗҚАЗҒАНДА АШЫЛҒАН «ULY DALA» ГИПЕРМАРКЕТІ АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУҒА ҚЫЗМЕТ ЕТПЕК

«Kazkahmys Holding» ЖШС бастамасымен іргелес жатқан қос қала Жезқазған мен Сәтбаев тұрғындарын қолжетімді азық-түлік белдеуімен қамтамасыз ету мақсатында «Uly dala» гипермаркеті ашылды.  Жобаның бас мердігері және операторы – «Ютария Ltd» ӨИК» ЖШС.

- Жаңа сауда орталығы «Қазақмыс» корпорациясының «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» жобасы аясында салынып отыр. Басты мақсат – кеншілер мен металлургтеріміз тұратын Жезқазған, Сәтбаев қалаларында арзан азық-түлік белдеуін қалыптастыру. Гипермаркеттегі бағалар нарықтағы орташа бағадан әлдеқайда арзан болуымен ерекшеленеді, - дейді «Қазақмыс» корпорациясы Басқару кеңесінің бас директоры Бақтияр Қырықпышев.

Жалпы аумағы 4 га болатын гипермаркет 7 ай ішінде салынып бітті. Жобаға Kazkahmys Holding 2 млрд теңге инвестиция салған. Сауда нысаны толықтай Италия, Германия, Ресейден әкелінген озық құрылғылармен жабдықталған. Басқару жүйесі түгелдей сипырландырылған гипермаркетке күніне 800-3000 адам келіп, сауда жасайды деген болжам бар.   

Новости в Вашем регионе