Польшаға саяхат

2018 жылдың наурыз айында Польша елінің Краков қаласы маңындағы Пекары кентіндегі «Radosna Nowina 2000» жалпы білім беру лицейі Шортанды №3 қазақ орта мектебі арасында әріптестік орнату жөнінде меморандумға қол қойылған еді. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Кауметов Әділ Мақсатұлы мен №3 қазақ орта мектебінің директоры Анесий Азамат лицей өмірімен танысып, меморандумға қол қою мақсатында Польша еліне сапарға барып, танысып келген. Үстіміздегі жылдың шілде айында «Radosna Nowina 2000» жалпы білім беру лицейінің түлектері ауданымызға келіп, №3 қазақ орта мектебінде жазғы мектеп курстарын өткізген еді.

Жазғы тілдік мектеп уақытында ағылшын және поляк тілдері оқушыларымызға үйретілді. Шортанды ауданының әкімі Г.Сәдуақасова және аудан әкімінің орынбасары Мұхамедин Ерлан Қыздарбекұлының қолдауымен Шортанды №3 қазақ орта мектебінің жоғары сынып оқушылары ағымдағы жылдың 4 қарашасында білім, салт-дәстүр, мәдениет және тәжірибе алмасу үшін Польша елінің Краков қаласы, Пекары кентіндегі «Radosna Nowina 2000» жалпы білім беру лицейіне аттанды.

Аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы және №3 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мамбит Церег және №3 қазақ орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абылкаирова Баянның жауапкершілігімен мектеп оқушыларының ішінде белсенді оқушылар таңдалып, соның ішінде 8-сынып оқушысы Абдыгулова Гульсара, 9-сынып оқушылары Азаматқызы Айым, Қойлыбай Айжан Сатанқызы, Завада Татьяна, 10-сынып оқушысы Талас Дінасыл мен Ербол Абдулла және 11-сынып оқушысы Нуржанова Аружан 10 күн бойы шет ел білімі мен мәдениетімен танысты.

Күнделікті ағылшын тілі және информатика пәндерніне қатысып, Польша мемлекетінің тарихи астанасы Краков қаласына саяхаттап, жаңа жетістіктерге жеткен оқушыларымыз өте жақсы тәжірибе жинап, қаланың әсемділігіне тамсанып келді. Ұстаздарымыз Церег және Баян мұғалімдер үшін де бұл сапар ерекше болды. Шет ел білім беру дәрежесін көрген ұстаздарымыз өздеріне мол тәжірибе алды. Бұл оқушыларымыз бен ұстаздарымыз үшін үлкен мақтаныш! 13-қараша күні оқушыларымыз қимастықпен, жаңа идеялармен, шабытпен Қазақстанға оралды.

Ұстаздарымыздың жинаған тәжірибесі және оқушыларымыздың шабыты мектебіміздің дамуына жаңаша үлкен үлес қосары сөзсіз. Барып келген барлық оқушылар атынан, ұстаздардың атынан осындай тамаша мүмкіндік сыйлаған аудан әкімі Г.Сәдуақасова және аудан әкімінің орынбасары Мұхамедин Ерлан Қыздарбекұлына, білім беру бөлімінің басшысы Ә.Кауметовке, №3 қазақ орта мектеп директоры Анесий Азаматқа, «Radosna Nowina 2000» жалпы білім беру лицейінің директоры Павел Рыцыкқа және қонақтарға барша құрмет пен қонақжайлылық білдірген «Radosna Nowina 2000» жалпы білім беру лицейінің демеушісі Дарьюш Блащык мырзаға үлкен алғысымызды білдіреміз!

Новости в Вашем регионе