Назар аударыңыздар, БАЙҚАУ!

«Шындық» қоғамдық бірлестігі «Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ-нің мелкеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында белгіленген  талаптарды жүзеге асыру   және   өскелең ұрпақтың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті, патриотизмді насихаттау, оларды туған жерін, өскен елін сүюге баулу, туған топырақтың қадір-қасиетін түйсінуге, отаншылдыққа тәрбиелеу  мақсатында  15-25 жас аралығындағы  журналистер, блогерлер, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері, өндіріс жұмыскерлері, оқушы және студент жастар арасында «Туған жерім – туған елім» тақырыбында шығармашылық байқау  жариялайды.

Конкурсқа туған өңірдің, аймақтың  тарихын, тарихи тұлғалар өмірін арқау еткен бұрын  ешқайда жарияланбаған зерттеу мақалалар, очерктер қазақ не орыс тілінде қабылданады.

Конкурсқа ұсынылған шығармалар 14-ші көлемді шрифтімен тергенде А4 форматында 4 (төрт) беттен аспауы тиіс.

Байқауға қатысушылардың Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен  Жезді, Қарсақбай поселкелерінде, Ұлытау ауданына қарасты елдімекендерде  яғни, Жезқазған -Ұлытау аймағында тұруы міндетті.

-Автордың толық аты-жөні, тұрақты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген шығармалар мына электронды поштаға жіберілуі керек:abdolla61@mail.ru.

-Байқауға ұсынылатын шығармаларды қабылдау 2018 жылы 20 маусымда басталып, 20 шілдеде аяқталады;

-Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 30 тамыз - Конституция күні мерекесі қарсаңында  өтеді.

Қосымша ақпараттар:

-Байқауға ұсынылған шығармаларды арнайы құрылған, құрамында әдебиетшілер менкәсіби қаламгерлербар қазылар алқасы сараптайды;

-Мазмұны ұсынылған тақырыпқа сәйкес келмейтін және сапалық деңгейі тым төмен туындылар қарастырылмайды;

-Жүлдеге лайық деп табылған шығармалар аймақтық мерзімді басыламдарда жариялануы мүмкін.

Новости в Вашем регионе