«ҚАРАҒАНДЫ – БҰЛТТАРДАН БИІК» ТУРИСТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қарағандыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында туризм мәдениетін дамытуға бағытталған жоба қанат қақты.

«Қарағанды бұлттардан биік» туристік бағдарламасының ашылуын қала әкімдігі мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қаржыландырған. Жаңа Майқұдық МӘ мен «Теміртау жастар клубы» облыстық туристік клубпен бірлесіп ұйымдастырды.

- Біздің міндетіміз – белсенді туризмді дамыту. Қазір бұл бағыт мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болуда. Біз алдымен жастар арасында туристік мәдениетке деген қызығушылықты жоғарылатуға тырысамыз. Екі жылдан бері белсенді туризм бойынша оқытушыларды дайындау бағытында семинарлар өткізіп келеміз. Осы уақыт аралығында 600-ден астам адам саяхаттарды ұйымдастыру біліктілігін арттырды. Бірқатар бағдарламалар әзірледік. 2000-нан астам оқушы ат үстінде жүруді үйренді. Биыл Ақтоғай ауданындағы Бектау ата шатқалында орналасқан «Факел» сауықтыру лагерінде туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының облыстық форумы өтті, - дейді облыстық туристік клуб директоры, ҚР туризм және спорт саласының құрметті еңбеккері Сергей Кистанов.

Клуб мамандары «Менің Отаным – Қазақстан» жобасы аясында балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту Тұжырымдамасын құруға қатысты. Туризм негіздерін оқыту өлкетанумен тығыз байланысты.

Міне, бұл мақсаттар «Қарағанды бұлттардан биік» туристік бағдарламасына негіз болды. Оның аясында тақырыптық семинарлар мен шеберлік-сыныптары өткізіледі. Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде «Арқар» туристік клубы құрылған.

Бүгінде 70 жастан құралған алғашқы топ жинақталып, олар Теміртауда оқуға кірісті. Оқыту аяқталған соң тәжірибелік бөлімі қарастырылған: тыңдаушылар Қарқаралыға барып, өз қолдарымен шатырлы лагерь тұрғызып, өздерін саяхатта сынай алады.

Новости в Вашем регионе