Желтоқсан мен Жаңа жылда қанша күн демаламыз?

Жаңа жылға санаулы күндер қалды!

Желтоқсан айындағы Тәуелсіздік күні мен одан кейінгі Жаңа жылда қазақстандықтар 4 күннен демалатын болады – дейді informburo.kz сайты ҚР Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру Министрлігінің хабарына сүйене отырып. 
Желтоқсан айы үш күн демалыспен басталады. Яғни, 1 желтоқсанда Қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтеді, ол сенбіге келеді, сондықтанда 3 желтоқсан демалыс күні болып есептеледі. 
Сондай-ақ, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні  жексенбіге келіп тұр, сол себепті 18 желтоқсан демалыс күні болып есептеліп, демалыс желтоқсан айының 15-нен 18-іне дейін созылады.
Жаңа жылда қазақстандықтар 30 желтоқсан мен  2 қаңтар аралығында демалады. 31 желтоқсандағы жұмыс күні сенбіге, яғни 29 желтоқсанға алмастырылады. 
 7 қаңтар  (дүйсенбі) – христиан әлемінің басты мерекесі Рождество - ол да демалыс күн болып саналады.

 

Новости в Вашем регионе