Жалтақ камера, күнәра жабық аурухана ;және һәм лексустар?

«Ақылды қала» жобасын іске асырғалы бері қаламыздың кез-келген қалтарысын бақылау камералары үздіксіз назарларында ұстап тұр. Қылмыстан бөлек, шылым шегіп тастасаң да, қағаз лақтырсаң да байқап қояды да, ізіңнен полицейлер қуып жетіп ұстайды. Тіпті, біз мұның куәгері де болдық.

«Ақылды қала» жобасын іске асырғалы бері қаламыздың кез-келген қалтарысын бақылау камералары үздіксіз назарларында ұстап тұр. Қылмыстан бөлек, шылым шегіп тастасаң да, қағаз лақтырсаң да байқап қояды да, ізіңнен полицейлер қуып жетіп ұстайды. Тіпті, біз мұның куәгері де болдық. Күні кеше ғана редакциядан алма жеп шыққан тілшіміз алманың қалдығын Байсейітова көшесі №100 үйдің іргесіне лақтырып жібереді. Сөйтіп, шұғыл ішке кіргені сол екен артынша үш бірдей тәртіп сақшысы редакцияға баса көктеп келіп, құдды бір қылмыскерді ұстағандай әрекет етті. Тіпті, өздерін таныстырған да жоқ. Тілшіміз алма тұқылын ағаштардың арасына лақтырғаным шын, ол шіріп, тұқымы көктеп шықсын дедім деп мойындады.
Бұл камералардың қараңғылық түскен уақыттағы мұнша қырағылықтарына риза болсақ та, жүйенің жұмысына қарнымыз ашады. Себебі, сол бақылаушы камералар әділетсіз. Күштіні көргенде көзін жұмып, әлсізді тіміскілеп шыға келеді. Анығын айтқанда нағыз сыбайлас жемқордың өзі деуге болады. 
Басқаны айтпай-ақ қояйық, кешегі «Серке» сайтының жариялаған мақаласындағы LEXUS жыры осыған анық дәлел емес пе? Онда былай дейді: «Жаңа жыл қарсаңында Қызылорда қаласында болған қайғылы оқиға қоғам назарынан тыс қалып бара жатыр. 2018 жылдың 28 желтоқсанында Сүлейменов-Нұрмақов көшелерінің қиылысында адам өмірін қиған жол апаты болды. LEXUS маркалы, 868 АКА 11 нөмірлі машина мінген 14 жасар Сабыржан Жәдігер (2004 жылы туған, № 2 «Мұрагер» мектебінің 10 "А" сынып оқушысы) қатты жылдамдықпен келе жатып жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан 22 жасар Саида­ Абдулланы­ қағып кеткен. Ауыр соққыдан бас сүйегі езілген Саида­ облыстық медицина орталығында 4 күн ес-түссіз жатып, 1 қаңтарда жан тапсырды» дейді. Республикалық телеарнада берген мәліметте адам қағып кеткеннен кейін 14 жасар бала қайта көлік тізгініне отырып, қызды көлікке салып алған да әуелі қалалық ауруханаға апарған. Олар «Бүгін біздің науқастарды қабылдайтын кезегіміз емес», - деген соң, облыстық ауруханаға жеткізген. Сол күнгі қабылдау кезегі облыстық медицина орталығында болыпты. Осылай сандалып жүргенде ауыр халдегі қыз біраз қан жоғалтқан. Ақыры қазамен аяқталды.
Сыр өңіріндегі бір емес екі өзекті мәселенің аяғы осылай орыны толмас өкінішпен бітіп отыр. Бұдан шығатын қорытынды не? Біріншісі, көшелерде тұрған бейнебақылаулар мүлде жұмыс жасамайды немесе оның ар жағында жол қозғалысын бақылап отырғандар қызметтеріне адал емес. Болмаса неге 14 жасар бала қала ішінде үлкен көлікті мініп, тайраңдап жүргенде байқап тоқтатпаған. Сонда бұған облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың өткен жылғы ескертуі әсер етпеген бе? Қырымбек Елеуұлы «қымбат көлік мінген байдың балалары түнде қала ішін автожарыс етеді. Ал, сақшылар болса ескі көліктерімен нәпақа тауып жүргендарді ұстайды» деп сынаған еді. Бұл сыннан нәтиже шығармауы, аймақ басшысының сөзін елемеуі ме, әлде әкімді айтады қоядыға салып, қатқан көндей қалпына бара беруі ме?
Екіншісі, ақ халаттың антын қабылдағандар өте ауыр күйде не жаны ауырып барғандарды «Бүгін біздің кезегіміз емес» деп қабылдамай қоюы қай заңдылықта көрсетілген? Қиналып барған науқасты екі аурухананың ортасында сенделту деген не масқаралық?
Құрметті Қырымбек Елеуұлы, осы екі мәселеге қатаңырақ қарап, әрекетсіздіктерге жол бергізбесеңіз дейміз. Бастамашыл, елдің жағдайына жан-жақты ыңғайлылықты жасайтын басшы ретінде сізге сенім артамыз.
 

Новости в Вашем регионе