Тараптарға медиацияның заңының тиімділігі

2011 жылдың 28 қаңтарында «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданып, елімізде дауларды баламалы шешудің жаңа түрі-медиация енгізілді.

2011 жылдың 28 қаңтарында «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданып, елімізде дауларды баламалы шешудің жаңа түрі-медиация енгізілді.

Медиация тәсілін қолданудың артықшылығы көп. Атап айтар болсақ, алдымен тараптар уақытын үнемдеу мүмкіндігіне ие болады. Себебі, сот рәсімдеріне қарағанда бұл рәсім әлдеқайда аз уақыт алады. Екіншіден тараптар мемлекеттік баж салығын төлеуден құтылады және адвокаттың көмегіне жүгініп шығынданбайды.

Медиация институтын дамыту, дауды реттеудің баламалы әдістерін кеңінен қолдануды жетілдіруде атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды.

Соның бірі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2017 жылғы 26 қаңтардағы өкімімен даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы.

Аталған жобаға сәйкес кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен медиация жүргізу болып табылатын даулардың санатына баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы, ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау туралы, баланы басқа адамдардан тартып алу туралы істерді қарау жатады.

Тараптарды татуластыру тақырыбына қатысты сотта жиі кездесетін оқиғалардан көптеп мысалдар келтіруге болады. Мәселен, талап қоюшы С. жауапкер Е-мен арадағы неке бұзылып, кәмелетке толмаған баласы анасының тәрбиесінде қалдырылғанын, баласын күтіп-бағу үшін Е.-ның пайдасына уақытылы алимент төлеп отырғанын, алайда жауапкер  баласымен араласу құқығын шектеп, баласымен кездестірмей жүргенін көрсетіп, айына 3 рет, сенбі-жексенбі күндері сағат 10.00-ден сағат 18.00-ге дейін кездесу уақытын белгілеп беруді сұраған.

Сот отырысында тараптар арадағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келгендерін көрсетіп, медиация туралы келісімді төмендегі шарттар негізінде бекітуді ұсынды.

Жауапкер Е. талап қоюшы С-ның кәмелетке толмаған толмаған баласымен әр айдың бірінші және үшінші аптасының сенбі күндері сағат 18.00-ден жексенбі күні 18.00-ге дейін үйіне алып кету арқылы кездесуіне келіседі. Талап қоюшы С. баланы белгіленген уақытта алып кетіп, белгіленген уақытта тұрғылықты жеріне алып келуге міндеттенеді.

Сот (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдері заңға қайшы келмейді, қандай да біреудің, үшінші тұлғаның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзбайды, соның ішінде кәмелетке толмаған баланың мүддесіне және тараптардың ерік білдірулеріне сәйкес келеді есептеп, келісімді бекітіп, талап қоюшының мемлекеттік баж салығын өзіне қайтарды.

Новости в Вашем регионе