Қоғамдық көліктегі ахуал

Жаңадан келген қоғамдық көліктерде қоларбада отыр­ған мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы ашылмалы жабылмалы көпір мінбері бар. Есікке кірген жерде қоларба таңылатын орын да белгіленген. Одан бөлек балдаққа, таяққа сүйеніп жүретіндер үшін жан-жағы қоршалған орындық та орналастырылған. Бірақ, мәселе осымен бітіп тұр ма? Жоқ, әрине әлі күрмеуі шешілмеген түйіндер көп.

Мүгедек қоларбасы мі­не­тін ашылмалы көпір аял­дамадағы бардюрдың үс­тіне барып түсуі керек. Сол кезде тратуар үстінде тұрған қоларбадағы адам тегіс жерде келе жатқандай мініп кетуі тиіс. Ал, біздің қаламыздағы шеткері орналасқан аялдамаларда бардюр атымен жоқ. Ол ол ма аялдамалары жоқ орындар қаншама. Жаңа автобус­тардан бөлек ПАЗ және ГАЗел автокөліктері де қоғамдық бағытта жұмыс жасап жатыр. Ал, олардан мұндай қызметті емге де таппайсың. 
Аялдамаларда қоғамдық көліктер қай бағытқа баратыны туралы сызба карта жоқ. Тіпті, аялдамадан қандай бағыттағы көліктердің жүретіні де жазылмаған. Баяғы атанжарыс азайғанмен сәт-сағаты уақытында автобус­тардың жиілігі азайып, адамдар аузы-мұрнынан шығып бара жатады. Мұндай жерде мүгедек түгілі сау адамдар да жүріп тұруға қатты қасылады.
Бұл олқылық­тарды «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиал жанынан құрылған қоғамдық ба­қылау жұмыс тобының мү­шелері «Кедергісіз ке­­ле­­­шек» партиялық жобасы аясында Қоғамдық көліктердің мүмкіндігі шектеулі азамат­тарға бейімделуін қадағалау мақсатында ұйымдастырылған рейд жұмыстарын жүргізген кезде ескертіп кетті.
Олар қаламыздағы №1 №17 №11 №14 №12 №13 №15 Қоғамдық көліктердің соңғы аялдамаларына барып, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қандай жағдай жасалғандығы және орын алған кемшіліктер бойынша түзетулер енгізу керек екендігін жеткізді.
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиал жанынан құрылған қоғамдық бақылау жұмыс тобының мүшелері алдағы уақытта да қаламыздағы барлық қоғамдық көліктерді тексеру  жоспарлануда деп отыр. Осы бір сындарынан нәтиже шыға қойса қанекей.

Новости в Вашем регионе