Ұлттық ойындарымызды жаңғырту бөбекжайда қолға алынды»

Ұлттық ойындарымызды жаңғырту бөбекжайда қолға алынды»

Асық ойнау, қыз қуу, орамал тастамақ  қазақтың ұлттық ойыны. Десек те, оны қызыға ойнайтындар бүгінде жоқтың қасы. Соған қарағанда, мергендікке, ептілікке, сыйластыққа, шапшаңдыққа үйрететін ойынның бұл түрлері ұмыт бола бастағандай ма, қалай?! Ал, асықты ауыл баласының еншісінде десек, ауылдағы бүлдіршіндер бүгінде асық ойнай ма? Жоқ, екі талай. Ал ұлттық ойындардың бірі  асық ойыны баланың дене бітіміне үлкен әсері барын білмейтініміз, Абайша айтқанда, «пайдасын көре тұра тексермейтініміз». Атадан мирас болып қалған ұлттық ойындарымызды балаға ойнатпасақ, ойнау арқылы болашаққа аманаттамасақ айып бізден емес пе? Бүгінде баласына асық жинап, оны үйрететін ата-ана кемде-кем.

Асықты ойнамақ түгілі қазіргі заманның балалары асықтың не екенін біле ме екен, өзі? Біз ең әуелі ұлттық салт-дәстүріміз бен ұлттық ойындарымызды ұлықтауға тиіспіз. Ендеше, ескірген ойынды ел есіне салуға атсалысайық! Ұлттық ойындарды насихаттауды жүзеге асыру үшін не істемек керек? Бұрынғы кезде «асық ойнаған азар…» деп тыйып өсірсе, қазіргі жаһандану дәуірінде балаларды логикалық есепке баулу керек дегенде бізге керегі дәл осы асық деп ойлаймын. Енді балаларға қалай асық ойнатамыз дегенге келсек, асықты бөбекжай қабырғасынан бастау керек. Осы орайда № 38 «Жазира» бөбекжайында «Бөбекжайда ұлттық ойындардың жаңа бағыттары» тақырыбында тәжірибелік алаң.

Новости в Вашем регионе