ЖОБАНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Қазақстан Халқы Ассамблеясымен бірлескен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңін іске асыру мақсатында Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «жаңа ғасырдың жаңа есімі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы ая­сында қолға алынған «100 жаңа есім» жобасының мақсаты – табысты, бәсекеге қабілетті болу, прагматизм мен білім культі идеяларын, Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың өмірбаянын үлгі ете отырып насихаттау. Былтыр басталған жобаның аймақтық іріктеуіне мысты өлкеден өз са­ласында жарқын жетістіктерге жетіп, еле­улі еңбегімен еленген, еліміздің көркеюіне үлес қосқан бірқатар азаматтар қатысқан болатын. Міне, жиынды өткізудегі басты мақсат та сол ел азаматтарын насихат­тап, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу еді.

Шараға қатысқан «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Бүкіров, «Қазақ тілі» қоғамының басшысы Майра Жолдасбекқызы, Жезқазған қаласы іш­кі саясат бөлімінің бас маманы Әсем Жұмағұлова жобаның мәні кейінгі толқынды еңбекке, білімге, іскерлік пен адалдыққа құштар ету екендігін баса айтты. Сондай-ақ, жобаға қатысушыға қойылатын талаптарға да тоқталды. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» атты бей­нероликті тамашалаған дөңгелек үстел қатысушылары өңірден аталған жобаға қатысуға лайықты деген тұлғаларды ұсынып, өз ойларын ортаға салды.

Новости в Вашем регионе