Жастарға шабыт берген байқау

«Ақмола жұлдыздары» көркемөнерпаздар байқауы биыл Жастар жылына орай ұйымдастырылып өткізілді. 23 сәуір күні Шортанды аудандық Мәдениет үйінде облыстық «Ақмола жұлдыздары» көркемөнерпаздар байқауы өз мәресіне жетті. Бұған дейін ауылдық округтер мен кенттерде, аудан орталығында өткен аудандық байқаулардан іріктеліп алынған сайыпқыран өнерпаздар көрермендер мен облыстан арнайы келген қазылар алқасы алдында өз өнерлерін паш еткен гала концерт өтті.

Қазылар алқасы Мәдениет үйінің алдындағы киіз үйге бас сұғып көне жәдігерлермен танысып, жас балуандар белдесуін тамашалады. Одан соң байқау көрмесін тамшалаған қазылар шортандылық қолөнер шеберлерінің туындыларының шығармашылығына тәнті болды.

Одан соң «Ақмола жұлдыздары» көркемөнепаздар байқауы шымылдығын ашты. 3D камерасы мен музыкалық жарықпен безендіріліген сахна көрермен көпшілікке байқаудың жоғары дәрежеде өтетіндігін көрсетіп, ерекше көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Байқау шымылдығы «Керімсал» ансамблінің орындауындағы күмбірлеген күймен ашылды. Музыкалық аспаптардың шанағынан төгіле шыққан саз Шортанды аспанында қалықтап, көрермен көптің көңілін көкке көтеріп кеткендей. Күміс көмей, жезтаңдай әншілердің асқақтата салған әні тыңдарман көптің құлақ құрышын қандырса, тал шыбықтай майысып мың бұралған бишілердің қимылы көрген көзді сыйқырлап алғандай. Гала-концертте «Оригами», «Мечта», «Шарм» би топтары мен «Русская песня», «Шаттық», «Жанр», «Қыздар-ай» әншілер топтары, «Надежда» цирк клубы және де Асқар Мұқият, Серікгүл Қатпа, Бекболат Беделхан, Лаура Қадыр, Таңшолпан Қашқынбай, Ткаченко Виктор, Қашқынбай Мұхит, Мадина Абдрахманова, Қамсызбай Құрмет, Ержанат Жекижан, Аманжол Аят, Ирина Казакова сынды өнерпаздар өнер көрсетті.

Байқау соңында аудан әкімі Гүлнұр Сәдуақасова өнерпаздар мен көрермендерді құттықтап, ауданның рухани-мәдени дамуына қосқан еңбектеріне алғысын білдірді. Сонымен қатар Шортанды ауданының 80 жылдық мерейтойлық медалімен Ақмола облысы мәдениет басқармасының өкілдері Бикенев Руслан, Акимова Ирина және ауданымыздан Асқар Мұқит, Татьяна Нестеренко, Бабаханова Шырын, Шолпан Әлімбергеноваларды марапаттады.

Новости в Вашем регионе