«Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды

рухани  құндылық

Өткен аптада  Павлодарда М.Катаев атындағы оқушылар сарайында  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов, ҚР Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Талғат Ешенқұлов, облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев, сондай-ақ, «Ыбырай Алтынсарин» белгісінің иегері Николай Силкин, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Арман Қани, профессор Алтынбек Нұхұлы, Павлодар облысы ішкі саясат бөлімінің  басшысы Ерлан Дәуенов сынды облыстық басқарма басшылары, облыстық жобалау офисі, қоғамдық қызмет өкілдердің қатысуымен  «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды.
Бұл  Кереку-Баян» елінде ашылған өнегелі бас тама болды. «Тарихтың  бүгіні - еңбек, болашағы-жасампаз,арманы-асқақ» деген ұранды ұстанып, ұлылардың ұлы ісі мен ізін жалғап, бүгінгі жас ұрпақтың рухани сусындайтын  кабинетінің ашылу тұсауын Талғат Ильясұлы Есенқұлов, Алтынбек Нұхұлы, Абзал Нүкеновтер  кесті.
Бастама жобасына Павлодар облысының білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының басшылығымен жұмыла кіріскен топ, облыстың ғалымдары мен ұстаздары атсалысты. Олар туған өлкенің бірегей тарихын, атақты адамдардың өмірі мен қызметін зерделеу бойынша қажетті материалдарды іріктеу мақсатында Павлодар өңірінің   атақты Бұхар Жырау, ағартушылар және көріпкел Мәшһүр Жүсіп Көпеев, аса көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаев, талантты режисер Шәкен Аймановтай  әлемге танылған тұлғалардың өмірлерін үлгі етіп орналастырған.
- Павлодар  өңірінде осындай рухани орталықтың ашылуы рухани жаңғырудың мән-мағынасын, жастарымызға дұрыс жол таңдауға көмектесетін орталық болатынына сенемін. Тың бастамаларыңыз құтты болсын!", - деді Абзал Нүкенов.
Облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының айтуынша, өңірдің педагогтары алдында оқушылар мен студенттерді адамгершілік-патриоттық тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлу міндеті қойылған. Ол: «- Біз ашық әлемде бәсекеге қабілетті, саяси мәдениетті тұлғаны қалыптастыру мақсатын қоямыз. Сонымен бірге, өз Отанын шын мәнінде сүйетін патриотты тәрбиелейміз, - деп атап өтті.
- Бұл өте маңызды оқиға. Бұндай бастама облыс көлемінде жүріп,  осы негіздегі кабинеттер басқа да аудандарда ашылса тіпті жақсы болар еді. Бұның тәрбиелік маңызы жастар үшін тағлымды. Өйткені, адам баласы өз Отанының тарихын, туған тілін, мемлекеттің қалыптасуына үлес қосқан тұлғалар жайлы білмей жатып, өз елінің лайықты азаматы бола алмайды, - деген ізгі сөзін жалғады Николай Силкин.
Шынымен де, бұл кабинет таланттар мектебін тәрбиелейтін бірегей орталық болуы сөзсіз.Тағлымды оқу кабинетінің  «Ертіс-Баян өңірі - тарихи тұлғалардың  өмірлерін, туған жердің мәдениеті мен тарихи естеліктерін зерделеу бойынша бұл бірегей орын - ауқымды алаңға айналатынына сеніміміз мол.
«Ұлт мақтаныштары» тақырыбымен  Ердаулет Абдраимов «Жанымда жүр жақсы адам» 100 жаңа есімге лайық деп өткеннің ірі тұлғаларының ізін қалыптастырушы өнерде жүрген Жанар Дұғалова, Меруерт Түсіпбаева, «Алтын домбыра» иегері Аспанбек Шұғатаев, Халықаралық дәрежеде өнер көрсетіп жүрген Мариям Мудряк,  белгілі заң саласының қызметкері Бағдат Мусин,  көптеген шетелдерді жаяу жүгіріп өткен Марат Жыланбаев сынды көптеген белгілі есімдермен толыққандығын айтты.
Мұнда тарих, география, қазақ тілі және орыс тілі мен әдебиеті, өзін-өзі тану, «Өлкетану» курсы, сынып сағаттар, дөңгелек үстелдер, танымдылық сипаттағы іс-шаралар өткізілетін болады. 
Жас айтыскерлер мен ақындар арнайы кабинеттің ашылуына арнаған өз туындыларын оқыды. Қатысушылар оқушылар түсірген бейнебаянды қарап, мұражайды тамашалады.


 

Новости в Вашем регионе