Өз ағашыңды отырғыз!

Зеренді өңірінің  жүздеген тұрғындары  Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне қатысты. Аудан  орталығында  «жасыл эстафетаны» қабылдаған «Нұр Отан» партиясының мүшелері, мемлекеттік мекемелердің ұжымдары, мектеп мұғалімдері мен оқушылары екпінді еңбек етті. Акцияға басшылық жасаған аудан әкімі  Мереке Мұстафиннің өзі де игі шараға  қатысты. Аудандық мәслихаттың хатшысы Қайрат Ауғалиев, партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Айдосова, бөлім басшылары «өз» ағаштарын отырғызды.

Ағаш отырғызу жұмыстары  Ұлы Отан соғысында  қаза тапқан зеренділік жауынгерлерге қойылған  ескерткіштің  алдына, Комаров  көшесіндегі парк алаңының  кіре беріс бөлігіне  отырғызылды.  Жалпы алғанда  Зерендіде 150 жас қарағай  өскіндері отырғызылды.

-Отырғызылған жас ағаштардың жерсініп, қалыпты  өсуі үшін бүгіннен бастап уақытында суарып отыру қажет,-деген М.Мұстафин осы маңызды шараны жүзеге асыру ды Зеренді селолық округінің  әкімі Константин Новокрещеновке  жүктеп, тұрмыстық-коммуналдық  бөліміне өскіндерге күн сайын  күтім жасауды тапсырды.

Елді мекендерді  жасылжелектендіру  жұмыстарына  басқа селолық округтердің  тұрғындары да белсене атсалысты. Чаглинка, Викторовка, Ақкөл, Күсеп  селолық округтерінде  акция  жоғары деңгейде, ұйымдасқан  түрде өтті.  Осы игі  іс жүзеге  асырылған күні   1200  жуық  қылқан жапырақты ағаштар отырғызылды.

Бәйтерек селолық округіндегі   Красный кордон мектебінде мұғалімдер мен оқушылардың-мектеп  ормандығы  мүшелерінің  күшімен  әртүрлі ағаш өсіретін питомник жұмыс істеуде. Онда  өсірілген қарағай ағашының  өскіндері  сыйлық ретінде  Викторовка ОМ   жіберілді.

Мұнымен қатар балалар өз қолдарымен ондаған құстар ұясын жасап, «Көкшетау» МҰТП қызметкерлерімен орман алқабының арнайы белгіленген  жерлеріне  орналастырылды. 

Шараға қатысушылар  үйлеріне  қоғам  мүддесі үшін атқарған игі істеріне көңілдері  толы сезіммен тарқасты!.

Новости в Вашем регионе