Өнер биігіндегі дара тұлға

Орал өңірінің әйгілі өнер тұлғасы, танымал әнші, композитор, актер, орындаушы, ұстаз Ғарифолла Құрманғалиевтың 110 жылдық мерейтойына орай Орталық балалар кітапханасы және Аудандық балалар саз мектебімен бірге  «Өнері–өшпес қазына» атты музыкалық кеш өткізілді. 

Мерекелік шара барысында әнші – композитордың өмірі мен шығармашылығынан көптеген қызықты мағлұматтар айтылған болатын.  Аудандық балалар саз мектебі дәстүрлі ән терме сыныбының оқушылары  Бекежан Аружан,  Тоғызбай Аянат және жетекшісі  Сисенов Артур Талапович  орындаған әнші ағамыздың  «Сәлем», «Ақжайық», «Нұржамал», «Сүйген жар», «Еңбек туралы терме» атты танымал өлеңдерін көрермен жылы қабылдап, тамсана тыңдады.  Жерлес әнші Ғарифолла ағамыздың шығармашылығына арналған «Қазақ музыкасының аңыз адамы» атты кітаптар және фотосуреттер орналасқан кітап көрмесі  көрсетіліп, таныстырылды. Музыкалық кешіміздің соңында Аудан орталығында орналасқан колледжінің тарих пәнінің мұғалімі Абулхаирова Хадиша Захаровна сөз сөйлеп, Орталық балалар кітапханасына жане Аудандық балалар саз мектебіне танымдық мәдени шара үшін және тамаша музыкалық өнер көрсеткен оқушылар мен ұстазға алғыс білдірді.

Новости в Вашем регионе